Дандыбаев Қабдолшаша 1926 жылы 17 қазанда Қатоқарағай ауылы Қатон селосында Терісбұлақ қыстағында дүниеге келген еді. 1943 жылы сұранып соғысқа аттанды. Әскери дайындықты өткеннен кейін екінші Қиыр Шығыс майданыныда болып, 1945 жылы соғыс аяқталғансоң Германияның жақтасы Жапонияға қарсы соғысқөа аттанады. Жапония тізе бүккенен кейін Тәжікстан мен Ауғунстан шекарасына жіберіледі. Сол жерде 1948 жылға дейін әскери қызмет атқарады. Осы жылы үйіне оралады, орала салысымен қайнап жатқан бейбіт өмірге араласып кетеді. Зейнетке 1986 жылы шығады№ Жұбайы Мұқтарова Гүлжауар екеуі 12 бала тәрбиелеп өсіреді. Жұбайы ауруханада он екі бойы қамту қызметінде жұмыс істейді. Қабдолшаш ата байланыс бөлімінде жұмыс істеп жүріп жарылыс кезінде сол құлағынаан айырыладыц. 2 топтағы мүгедек. Жеңістің жиырма бес, қырық, елу, алпыс, жетпіс жылдығына байланысты медальдармен және «Көп жылдық адал еңбегі үшін», «1941-1945 жж. Соғыс ардагері», «Отан соғысы» ордені және медальдармен марапатталған. Кәзіргі кезде Дандыбаев Қабдолшаш ақсақал немере, шөбере, сүйіп отырған ардақты әкелердің бірі.