Шамбасов Ғинаятша 1925 жылы Садық пен Сақыпжамал Шамбасовтардың отбасында дүниеге келген. Отбасында 5 ұл Рашид,Хамза,Саид,Мәулетша, Гинаятша. 18 жасында 1943 жылдың қаңтарында Зәйнош Можанов, Уәш Қырықбаев, Лұқпан Смамагзумов, Қабдош Дандыбаев, Қапас Бейсембиновтармен бірге соғысқа аттанады. Қиыр Шығыста бірер ай соғыс өнеріне ұйренген соң Гинаятша мергендер ротасының құрамында Воронеж майданыныа жіберіледі. Сол бетпен ол Карпатқа дейін барады. Талай өмір мен өлім айқасқан шайқастарды басынана өткереді. Гинаятша Шамбасовтың қандай жауынгер болғандығын тек оның әскери билетіндегі жазулар мен сол оты жылдары алған «1-ші дәрежелі Ұлы отан соғысы» ордені және Бас қолбасшы Саталиннің қолымен берілген Алғысхат қана әңгімелейді. Воронеж майданындағы әскери құрамалардың сапында жауды түре қуа отырып Карпат тауларына жеткенде ол қатты науқастанып қалады да, госпитальға түседі. Онда 3 ай жатып, толық жазылып шыққанан кейін қайтадан Шығысқа шекара күзетіне жіберіледі. Мұнда ол пулиметшілікті меңгереді. Неміс басқыншыларын өз апанына тізе бүктірген Қызыл Армия енді оның одақтасы Жапонияға қарай бет бұрағанда Г.Шамбасов 1917 жылы құрылған 1-ші Қызылтулы бронепоездар дивизиясына 3,6 милиметрлік пушканың командирі болады. Үлкен Хинганды асып,самурайларға соққы беруде Гинаятша басқарған атқыштар бөлімшесі үлкен ерліктерге барып, өзіне берілген бұйрықты мүлтіксіз орындайды. Осы қызметі үшін Шамбасов жоғарыда аталған наградаларды иеленеді. Жапониямен соғыс екі-үш айдың ішінде толығымен аяқталғанымен Г.Шамбасовқа арнайы іріктелген дивизияның құрамында шекара күзетінде 1950 жылға дейін болуға тура келеді. Ағайынды бесеуден соғыстан екеуі ғана оралады, олар Сайд пен Гинаятша еді. Жауды жеңіп, туған жерге аман-есен оралғанна кейін ол бейбіт өмірге араласады. Алтайэнергоға электрик болып орналасады. Катоқарағай өңіріндегі елді-мекендерді электр жарығымен қамтамыз етуге көп жігер жұмсап еңбек етеді. Бұл жұмысты ол зейнет жасына жеткенше атқарып, үлкен абыроймен құрметті еңбек демалысына шығады. Бүгінде Катон ауылындық округінде тұрады.