Қабдаршит Алипин 1921 жылы Катонқарағай облысында Алтай селосының аумағында қарапайым шаруанң отбасында дүниеге келген. Бастауыш сыныптарды Топқайын мектебінен оқып, орталау білімді Шыңғыстай орта мектебінен алғаннан кейін онынышы сыныптың жабылып қалуына байланысты оқуын ары қарай жалғастыра алмайды. 1942 жылы армия қатарына шақырылады. Отан қорғауға аттанды. Калининград, Беларусь, Прибалтика, Ленинград майдандарындағы қан төгіс ұрыстарға қатыса жүре Жеңіс күнін Курляндяи жерінде қарсы алады. 1946 жылы армия қатарынан елге оралғанна кейін төрт жыл Катоқарағай аудандық «Еңбек туы» газетінде қызмет істейді де, Қабырға бастуыш мектебіне мұғалімдікке барады. 1951-1952 жылдары Зырян қаласындағы педагогикалық училищеде оқып ұстаздық жолын Қабырға,Чернова, Язевка ауылдарында жалғастырады. 1959 жылы аудандық газеттің партия бөлімін басқарады. Бұл қызметті Қабдаршит Алипин 1962 жылға дейін , яғни екі аудан қосыолып, орталық Үлкен Нарынға көшірілгенше істейді де, қайтадан мұғалімдікке Қабырға бастауыш мектебіне барады. Осы жерде 1987 жылға дейін мұғалім болып, зейнеткерлікке шығады. Қ.Алипин ақсақалдың Отаны мен туған халқына сіңірген еңбегі «Отан соғысы» орденімен, мерекелік медальдармен бағаланған. Сонымен бірге Қабрашит Алипин «Халыққа білім беру ісінің үздігі» атағына иеленген. Катон ауылында тұрады.