Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Икласов Муталяп
(20-10-1926 - )

Икласов Муталяп  1926 жылдың 20 қазанда Күршім ауданы, Қаражыра ауылы, Верх-Иртыш ұжымшарында дүниеге келген№ 1936 жылы мектепке барып, 1942 жылы 6 сыныпты бітірді. 1944 жылдың 2 ақпанында Күршім аудандық әскери комитетімен майданға шақырылып 1945 жылдың шілде айына дейін 101 атқыштар полкінде әскери қызмет атқарды.1945 жылдың шілде айынан 1947 жылға дейін 323 полта әскери қызмет етті. 1947 жылдың сәуірінен 1950 жылдың шілде айына дейін 2200 әскери бөлімінің 392 полкында ефрейтор болып әскери қызмет етті. Әскери қызметтен босатылған соң үйге оралып милиция органдарына жұмысқа орналысты. Облыстан келген жарлықпен Самар ішкі істер бөліміне жолданды. Онда 1951-1953 жылдар аралығында қызмет атқарды. 1953 жылы Самар байланыс желісіне экспедитор қызметіне ауыстырылды. 1959 жылдан 1981 жылға дейін слесарь болды. 1981 жылдың қазан айынана бастап зейнеткерлікте. Марапаттары: «Кеңес Әскері мен Флотына 30 жыл», «1941-1945 жж№ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 50 жыл», «Германияны жеңгені үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалі», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 55 жыл», «1941-1945 жж. соғыс ардагері» белгісінің иегері. Казіргі уақытта Самар  ауылында тұрады.

Негіздеме: Ардагерлер кеңесінің құжаттары бойынша

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу