Цепков Петр Иванович 1926 жылы 03 шілде айында Павлодар облысы, Крестьянский ауданы, Маряновка ауылында дүниеге келген. 1932-1933 жылдары Цепков Иван Федорович отбасы жағдайына байланысты Көкпекті ауданындағы Шегелек совхозына көшіп келіп, 1940 жылы 5 кластық білім алып, «Шегелек» совхозында жұмыс істеді. 1941-1943 жылдары Сталин атындағы колхоздың Солдатский Хутор ауылында мал бақты. 1943 жыл 04 қарашада Көкпекті әскери комиссариатының шақыртуымен әскер қатарына шақыртылады. 1944 жылдың маусым айында 1126 атқыштар полкіне соғысып екі рет жарақаттанды. 1946-1950 жылдары 12945 әскери бөлімшеде Т-34 танксінің командиры болды. 1950 жылдың қыркүегінде аға сержант дәрежесін алып, әсмкерден қайтты. Казіргі уақытта Көкпекті ауылында тұрады. Соғыста көрсеткен ерлігі үшін бірнеше медальдар мен ордендердің иегері атанған. Марапаттар; «Қызыл жұлдыз» орденіне мен, «Ұлы Отан соғысының ІІ дәрежелі орденімен, «Еңбек ардагері» медалімен,«КСРО қарулы күштеріне 60 жыл» медалі,«КСРО қарулы күштеріне 70 жыл» медалі, «Кеңес Одағының Маршлы Г.К.Жуков»медалі, Қазақстан Республикасы Президентінің «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 20 жыл», «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл», «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» медалі,«1941-1945жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 55 жыл», «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медалі, «1941-1945жж.Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» мерейтойлық медалдерімен марапатталған, «1941-1945 жж. соғыс ардагері» белгісінің иегері. Казіргі уақытта Көкпекті ауылында тұрады.
Негіздеме: 58 қор, 32 тізімдеме