Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Халиуллин Мустафа Тимербаевич
(18-03-1925 - )

Мустафа Тимербаевич Халиуллин  1925 жылдың 18 наурызында Новосібір облысының Каргат ауданы, Бугульма  ауылында  қарапайым  шаруа отбасында дүниеге келген. Каргат ауданының Муссин орта  мектебінің 4 сыныбын бітірді.  18 қаңтар 1943 жылы Новосібір облысының Каргат ауданының әскери комиссариатымен әскерге шақырылды 105-ші атқыштар полкінде жаумен шайқасты. 1943 жылдың наурыз айында   3-ші Белорус майданына 174 атқыштар дивизиясына ауысады. 1944 жылдың мамыр айында Совет Одағының Маршылы Г.Жуковтың басшылығындағы 628 атқыштар полкіне ауыстырылып Берлин қоршауына қатысты. 1944 жыл.  Басына және оң  жақ аяғынан  жарақат алған. 13 қаңтар 1948 жылы Мустафа Тимербаевич Халиуллин әскерден қысқартылып  Новосібір облысының Қаргат ауданының Муса ауылына  оралды. Мустафа Тимербаевич Халиуллин Совет Одағының Маршылы  Жоғарғы басты қолбасшы жолдас Сталиның бұйрығымен Висла өзенінің батыс жақтағы  жағасында Варшава каласын он түстігінде немістер қоршауын бұзғаны (прорыв) үшін  үлгілік жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін, Томашув қаласын алғаны үшін, Франкфурт  қаласын алғаны үшін, Берлин қаласының шығыс жағындағы неміс әскерінің топтастығын қоршауға алып талқандағаны үшін алғыс хаттармен марапатталған. Марапаттары: «Берлинды алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін», «Ержүрек» медалімен; «Құрмет белгісі» орденімен; «Бүкіл одақтық ауылшаруашылық көрме қатысушысы» медалімен; «Тың жерлерді игеру» медалімен; «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына жиырма бес жыл» медалімен; «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына отыз жыл» медалімен; «КСРО қарулы күштерне 60 жыл» медалімен; «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына қырық жыл» медалімен; «КСРО қарулы күштерне 70 жыл» медалімен; «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына елу жыл» медалімен; Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медалімен; «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына елу бес жыл» медалімен; «Украинаны босатканы үшін  алпыс  жыл» медалімен; «Құрмет белгісі» медалімен; «Ұлы Отан соғысы» ІІ дәрежелі орденімен; «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына алпыс жыл» медалімен; «Белорусияны  босатқаны үшін  алпыс бес жыл» медалімен; Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін «Астана 10 жыл» медалімен; «Тыңға 50 жыл» медалімен; «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысына алпыс бес жыл» медалімен марапатталған. Қазіргі уақытта Көкпекті ауданының Шәріптоғай ауылында турады.

Негіздеме: Ф.58, оп.26

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу