Валентина Степановна Федосова 1923 жылы Кемеров облысының мурминск қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. 1941 жылы Мурминск қаласының орта мектебін аяқтаған, 1942 жылы осы мектепте жұмыс істеді. 1942 жылдың мамыр айында комсомол ретінде Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. Ұлы Отан Соғысы кезінде 736 зенит-артилериялық полкының байланыс бөлімінде қатардағы жауынгер, кейін сержант болды. 1946 жылдың қыркүйек айының соңында Самар ауданындағы Құлынжон кен орнына келді. Марапаттары: «Ерен еңбегі үшін», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалі», «Ерлігі үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны женгені үшін», «1975 жылғы социалистік жарыс жемінпазы», «1941-1945 жж. ҰОС Жеңістің 40 жылдығына және неміс-фашистергеқарсы күрестегі ерлігі, батырлығы үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», мерейтойлық медалдарымен марапатталды. Казіргі уақытта Самар ауылында турады. Негіздеме: Федосова В.С. жеке құжаттарының көшірмесі