1920 жылдың 09 мамырында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Қарқаралы ауылыда қарапайым жай шаруа отбасында дүниеге келген. Бала кезінең әке-шешесіне үй шаруашылықта көмектесіп,4 сыныпты бастаушы мектепті бітірді. 1932 жылы Аркадий Тусупбеков жастайынан әке-шешесінен айрылып Семей қаласының балалар үйінде өсті, кейінен әкесінің бауыры Шұкір Туспековтың қолына алады. 1941 жылы Аркадий Тусупбеков Көкпекті ауданының әскери комиссариаты мен әскерге шақырылып, арнайы дайындықтан өткен сон майданға аттанды. 66 Гвардияның зениттік артелерия 5-батарея СУМ-17 сапында соғысқа қатысты. Қасірет шегіп, қан кешкен бұл алапат майданда жеңіске қатысушысының жауынгерлігі үшін Сталин 22 (жиырма ) алғыс білдірді. 1943 жылы сол жақ ыйығынан жарақат алған. Украинадағы Днепр өзені үшін болған ұрыста және Бельц қаласын алғанда көрсеткен ерлігі үшін Аркадий Туспеков «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальмен ардақталды. Аркадий Тусупбеков майданда неміс басқыншылары шайқасындағы үлгілік жауынгерлік тапсырманы орындағаны үшін «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ерлігі үшін» «Берлинды алғаны үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Германияны женгені үшін», Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков медальдалімен, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 20 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 25 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 30 жыл», Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 55 жыл»», «Украинаның азат етілуіне 50 жыл», «Украинаның азат етілуіне 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 65 жыл», «ҚСРО қарулы күштеріне 70 жыл», «Ерен еңбегі үшін» марапатталды, «1941-1945 жж. соғыс ардагері» белгісінің иегері. Казіргі уақытта Көкпекті ауылында тұрады.
Негіздеме: Ф.58, оп.24.