Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Кожаев Кусман
(13-03-1924 - )

1924 жылы 13 наурызда  Самар ауданы  Көкжыра  ауңылында дүниеге келген. Құлынжон 70 сыныптық мектебін аяқтаған. Мектеп бітірісімен  «Екпін» совхозында  жұмысқа барды. Қеңес Одағы Әскерінің сапына шақырылға дейін түрлі жұмыстар атқарды. 1942 жылдың  қыркүйігінде Самар аудандық әскери комитетімен ішкі істер министірінің 112 полкіне шақырылды. 98 полк құрамында Украина, Прибалтиканы өтті. 1946 жылғы наурызда әскери борышын өтеуден босатылды. Әскерден оралған соң «Казолово» кен орнында және Амангельді атындағы ұшымшарда 6 жыл жанармай құюшы болып еңбек етті. 1960 жылы Самар ауылына көшіп, онда жүк тиеуші болды. Марапаттары: «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 30 жыл»,  «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 50 жыл»,  «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 60 жыл», «ҚСРО қарулы күштеріне 50 жыл», «ҚСРО қарулы күштеріне 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 65 жыл». Казіргі уақытта Көкпекті ауданының Самар ауылында тұрады

Негіздеме: Ардагерлер кеңесінің құжаттары бойынша

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу