Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Кинбаев Елеусиз
(11-03-1925 - )

1926 жылы 11 наурызда  Көкпекті  ауылында дүниеге келді. 16 жасынан бастап «Ақжал» кен орнында жұмыс істеді. 1943 жылы  әскер  қатарына шақырылды, Амур облысы Благовещенск қаласында 120 артеллерия минометтік полкының сапында әскери қызмет етіп, соғысқа қатысты. 1943 жылдан 1946 жылға дейін жапон басқыншыларына қарсы соғысқа қатысты. 1948 жылы әскери қызметінен босатылып,  «Шегелек» кеңшарында малшы болып жұмыс істей бастады, кейін майзаодында сүт тасушы көліктің жүргізушісі болып еңбек етті. Еңбек ардагері жемісті жұмысы үшін Румынияға жолдама алған. 1984 жылы зейнеткерлікке шықты. Марапаттары: «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалі», «Сталин Ордені», «Японияны алғаны үшін», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 50 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 55 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 60 жыл»,  «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 65 жыл», «ҚСРО қарулы күштеріне 70 жыл», «Украинаның азат етілуіне 60 жыл», «1941-1945 жж. соғыс ардагері» белгісінің иегері.  Казіргі уақытта Көкпекті ауылында тұрады.

Негіздеме: 58-қор,28 тізімдеме

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу