Семей облысы Көкпекті ауданының Преображенка ауылында 1919 жылдың 1 тамызында жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 1927 жыл мен 1931 жылдар аралығында мектепте оқыған, одан кейін еңбек армиясында жұмыс істеген. 1938 жылы комсомол қатарына өтіп, Риддер қаласындағы қорғасын каналының жұмысы аяқталған соң, Алматы қаласына құрылыс жұмыстарының Курстарына жібеілген. Одан кейін Талдыкорған наубайханасында от жағушы болып істеп жүрген жерінен 1939 жылы әскер қатарына алынады. Белоруссияның Венетская облысында әскер алдындағы борышын өтегенен кейін 1941 жылы Каменец Подольскіге жіберіліп сол жерден соғысқа аттанады. Украинада соғысып 1943 жылы аяғынан қатты жарақат алған ол Прокопьевск қаласының Кемеров облысындағы ауруханаға жатқызылып сол жерден балдакпен үйіне оралған. 1945 жылы Преображенка ауылындағы МТС-та моторшы және от жағушы болып жұмыс істеген. 1946 жылы «Красный прогреске» қозғалтаыш машинисті болып ауысады. Бүгінгі күні Преображенка ауылында тұрады. Марапаттары: «Тың жерлерді игергені үшін», «ҚСРО қарулы күштеріне 50 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 30 жыл», «ҚСРО қарулы күштеріне 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 40 жыл», «Ұлы Отан соғысының І-дәрежелі ордені», «ҚСРО қарулы күштеріне 50 жыл», «Украинаның азат етілуіне 50 жыл», мерейтойлық медалдарымен марапатталды. Казіргі уақытта Көкпекті ауданының Преображенка ауылында турады.
Негіздеме: 58-қор, 27 тізімдеме