1926 жылы 1 қаңтарда Сарыбель ауылында дүниеге келді. 1943 жылдың қараша айында 1209 атқыштар полкіне армия қатарына шақырылды. 1944 жылдың наурыз айынан, 1945 жылдың наурызына дейін—курсант болды. 1945 жылдың наурыз айынан 1946 жылдың наурызына дейін 24 радиотелеграфистердің жеке полкінде байланысшы болып қызмет атқарды. 1946 жылдың қазан айынан 1950 жылдың қазанына дейін 22742 әскери бөлімде қызмет атқарды. 1950 жылдың 28 қаңтарындағы ҚСРО Қорғаныс Министірлігінің бұйрығы негізінде 1950 жылғы 15 қазанда запасқа шығарылды. 1951 жылы автопарктің жүргізушісі болды. 1963-1967 жылдар арасында Ново-Тимофеевка орта мектебінде оқу шеберханасының менгерушісі, 1967-1985 жылдары Ново-Тимофеевка ауылының ауруханасында жүргізушісі қызметін атқарды. 1985 жылдан бастап құрметті еңбек демалысында. Марапаттары: «Кенигсбергті азат еткені үшін», «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», «ҚСРО қарулы күштеріне 50 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 25 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 30 жыл», «ҚСРО арулы күштеріне 60 жыл», «Отан соғысысының ІІ-дәрежелі» ордені, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 40 жыл», «ҚСРО қарулы күштеріне 70 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 50 жыл», «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуковтың медалі», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 55 жыл», «Украинаның азат етілуіне 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 60 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске – 65 жыл», «Беларуссияның неміс басқыншыларының азат етілуіне 65 жыл», «Беларуссияның неміс басқыншыларының азат етілуіне 70 жыл». Казіргі уақытта Сарыбель селолық округінің Сарыбель ауылында тұрады.
Негіздеме: Балахонов П.Я. жеке құжаттарының көшірмелері