Топатаев Исағали Иманқұлұлы 1919 жылы 19 наурызда Шұбартау ауданы Алғабас совхозында дүниеге келген. 1941 жылы маусым айында Исағали соғысқа аттанған еді, сол кезде алған білімі кәдеге жарады. 1942 жылдың тамызынан бастап 1943 жылдың қарашасына дейін Волхов майданында сопёрлер взводының командирі болды. Сопёр бір рет қана қателеседі деген сөзді өзінің солдаттарының санасына құйып келді.1943 жылдың қаңтарында инженерлік – сопёрлік батальонның алдына өте қиын тапсырма – біздің әскерлер жүріп өтетін алқапты минадан тазарту -қойылған болатын. Бұл операцияны жауынгерлер батылдықпен орындап шықты. Жау кейін шегіндірілді. Осы операцияның арқасында Ленинград блокадасы үзілген болатын. Исағали тапсырманы ержүректікпен орындап шыққаны үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Бірақ бұл награда өз иесін 11 жылдан кейін ғана тапты. Ал кейіннен «Ленинград қаласының құрметті тұрғыны» атағы берілді. Исағали осы ұрыста өзінің бірталай жерлестері мен достарынан айырылды, өзі де жарақат алды. Исағалиды өлдіге санап үйіне қара қағаз да жіберілген болатын. Қаншама жас төгілген еді. Ал тірі екенін естіген кезде қуанышта шек болмады. Үйіндінің астында қалған Исағалиды санитарлар тауып алып, госпиталға жіберген болатын. Емделіп алған Исағали тағы да майдан шебіне қарай жол тартты. Қаншама ұрыстарды басынан кешірді, өліммен бетпе-бет тұрды. Исағали өзінің әскери қызметін 1947 жылы ақпан айында ақтап, елге оралды. Кіші лейтенат Исағалидың кеудесінде қаншама наградалар жарқырап тұрды. I-ші дәрежелі «Ұлы Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз» ордендері, «Батылдық үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін» , «Германияны жеңгені үшін» және тағы басқалары. Соғыс біткеннен кейін қолында әскери-инженерлік училилищенің дипломы бар Исағали өзінің сүйікті мамандығымен шұғылдана бастады. Аягөздің аудандық «Союзпечать» бөлімін басқарды. Исағалиға «ҚСРО-ның байланыс озаты» деген атақ берілді. Казір ардагер Семей қ. тұрады.