Ванеева Таися Васильевна 14.11.1923 жылы Воронеж облысы Дмитриевка ауылында дүниеге келген. 7 сыныпты аяқтап Борисоглебск қаласындағы мед училищеге оқуға түседі. 1941 жылы соғыс басталады. Ол медицина саласына аға сержант болып 4 Украина, 38 әскерге майданға аттанады. Алғашқыда әскери госпитальда әскер қатарында болады. 2 санитармен бірге жердегі ұрыста 150 жаралыны алып шыққан. Одан кейін ота жасау бөлімінде көз ауруларын емдейтін жеке ротаға маман болып ауысады. Соғысты Польша аумағында аяқтайды. Соғыс аяқталғаннан кейін туған ауылына қайта оралып, тұрмыс құрады. Госпитальда мед бике болып жұмыс істейді. 1960 жылдан бастап Семей қаласында тұрып, Облыстық ауруханада еңбек жолын жалғастырады. Майдандағы еңбегі үшін марапаттары жоқ. Казір ардагер Семей қ. тұрады.