Бутко Николай Никитович 25. 05. 1925 жылы Новосібір облысында дүниеге келген. 1927 жылы оның отбасы Семей қаласына темір жол құрылысын салу үшін көшіп келеді. Сегіз жасынан бастап темір жолда электромеханик болып жұмысқа тұрады. 16 жасынан әскер қатарына алынады. 1942 жылы зениттік атқыштар бөліміне Чита қаласына жіберіледі. Ол осы қызметте соғыс аяқталғанша 1526 зениттік полкта әскерде болады. Үшінші Белорусс майданында әскерде болып, Прибалтиканы, Польшаны, Белоруссияны азат етуге қатысады. Н.Н.Бутко ең алғаш ұрысқа Латвия аумағында қатысқан. Даладағы ұрыста командирді құтқарып қалғаны үшін 3 дәрежелі Даңқ орденімен марапатталады. Жеңісті Литвада қарсы алады. Соғыстан кейін 1948 жылға дейін әскер қатарында болады. Семей қаласына оралғаннан соң Николай Бутко қайтадан темір жолға келіп еңбегін жалғастырады. Казір ардагер Семей қ. тұрады.