Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Ахмеров Габдулгазиз Гайнутдинович
(11-06-1925 - 2020)
1925 жылы 11 маусымда Семей қаласында дүниеге келген. 1942 жылы барлық қатарластарымен бірге әскер қатарына өз еркімен аттанады. 114-ші әуе-десанттық пулеметшылар дивизия бөлімшесі командирі болады. Фашист басқыншыларынан Венгрия, Австрия, Чехословакия мемлекеттерін азат етуге қатысады. 1945 жылы сәуір айының аяғында дивизия Чехословакия аумағына қарай жылжиды. Жеңіс күнін Г.Г.Ахмеров Чехословакияның астанасы Прагага 100 шақырым жерде орналасқан Писек қаласында қарсы алады. Отан соғысы орденімен, «Ерлігі үшін», «Әскери еңбегі үшін», «Венаны азат еткені үшін», «Фашисттік Германияны жеңгені үшін», Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуковтың медалі және ордендермен марапатталған.