Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Мартынов Степан Владимирович
(10-10-1925 - )

Степан Владимирович Мартынов – 1925 жылдың 10 қазанында Шығыс Қазақстан облысының Предгорный ауданының Зевакино ауылында дүниеге келген. 1943 жылдың 2 ақпанында Қиыр Шығысқа әскерге кеткен, Беробиджан қ. 188 жеке байланыс батальонында қызмет еткен. 1945 жылдың 8 тамызында таңғы сағат 4-те  Амур өзенінен трофейлік жапон кемесімен жүріп өтті. Барлық Маньчжур шоқыларын жаяу жүріп өткен. 1946 жылдың 16 қаңтарында Камчаткада қызмет еткен, тұтқын жапондықтарды және шекараны күзеткен. Әскерде 6,5 жыл байланысшы ретінде қызмет еткен. 1945 жылы Қытайды Жапондық басқыншылардан босатуға жіберілді.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу