Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Астраханский Евгений Никифорович
(11-01-1924 - )

Евгений Никифорович Астраханский – 1924 жылдың 11 қаңтарында Смоленск облысының Руднянск ауданының Любавичи атты қалашықта дүниеге келді. 1941 жылдың қазан айында Қызыл Әскерге өз қалауымен кетті, Тюмень жаяу әскери мектебіне курсант болып қабылданды. Алты ай жалпы әскери офицерге оқыды, бірақ алты ай оқығаннан кейін оларға ешқандай әскери атақ бермей, Калинин майданының Ржев қаласы маңындағы әрекеттегі әскерге жедел түрде жіберді. Ол жарақат алды. Жазылғаннан кейін Калинин майданының 39 әскерінің әрекеттегі 338 атқыштар дивизиясына бағытталды. Аға сержант әскери атағы иеленді, миномет тобының командирі аталды. Смоленск облысының Духовщина қаласындағы шайқастарға қатысқан. Витебск, Белоруссия, Литва қалаларын босатқан, Неман өзенін жүріп өткен. 1945 жылдың сәуір айында Шығыс Пруссия Кенигсберг бекінісін шабуылға кіші лейтенанттардың үш айлық курсын бітірді.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу