Сембаев Тоқан – ҰОС ардагері Сембаев Тоқан 1926 жылдың 04 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданының Бөктер ауылында дүниеге келді. 7 кластық бастауыш мектепті оқып бітірді. 1945 жылдың 2 ақпанында Ұлан ауданының әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына алынды. 101 стрелоктар полкы 6 стрелоктар ротасында Кавалерия полкында, содан 36 Кубан Кавалерия полкында болды. Кавказдағы Пятигорск қаласында танкистер мектебін бітірген соң кіші сержант шенін алып, Батыс Украина Подольск облысы Проскуров қаласының полевая почта 55216 бөлімінде шайқасқа қатысты. Воронеж облысының бірқатар қалаларында болды. 1950 жылдың 13 қыркүйегінде елге қайтып, еңбек жолы басталды. 1950 жылы үйленген, алты баланың әкесі. 1950 жылдан 1953 жылға дейін Өскемен қаласының Защита тас карьерінде тас сындырушы болып жұмыс істеді. 1953 жылдан 1955 жылға дейін Ұлан ауданының Завидное ауылына қарасты Алибастр деген бөлімінде мемлекеттік ат қорада жұмыс істеді. 1955 жылы алғаш совхоз құрылғанда тың жерді игеруде тракторист болып еңбек етті. 1962 жылдан Завидное ауылында орналасқан «Комсомол» құс фабрикасында көлік жүргізуші болып еңбек етіп, сол жерден 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. Сембаев Тоқан «20 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «30 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «50 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «60 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.», «30 лет Советской Армий и Флота», «70 лет Вооруженных сил СССР», «10 лет Астане» мерекелік медальдарының, «За отвагу», «За Победу над Германией», «За доблестный труд в ознаменование 100-летия со дня рождения В.И. Ленина», Маршала Советского Союза Жукова Г.К., «Ветеран труда» медальдарының, «Отечественной войны» орденінің иегері. Қазіргі уақытта Сембаев Тоқан Ұлан ауданының Айыртау (Завидное) ауылында тұрып жатыр.
ҰОС ардагері туралы мәліметтер «Айыртау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алынған.