Нұрмыхамед Рақышев – ҰОС ардагері Ұлы Отан соғысының ардагері Н.Рақышев 1924 жылғы маусымда Манат ауылында дүниеге келген. 1942 жылы Бұқтырма ауданының әскери комиссариаты арқылы қан майданға аттанады. Семейде 6 ай арнайы даярлық курсынан өткен соң 70 - ші гвардиялық атқыштар дивизиясының 74 – ші танкіге қарсы жеке жою дивизиясында зеңбірекші болды. 1943 жылдың 05 шілдесінен Орталық майдан құрамына ауысып, Украина майданында Киевті азат етуге қатысады. 1945 жылы Чехословакия жерін жаудан тазартуға қатыса жүріп, Жеңіс күнін Прага қаласында қарсы алды. 1947 жылы майданнан еліне оралады. Соғыстан кейінгі жылдары Манат ауылында комбайншы, кейіннен зейнет жасына жеткенше Тайынты ауылында механизатор болып еңбек етті. Соғыстағы ерлігі үшін «Германияны жеңгені үшін», «Чехословакияны азат еткені үшін», «Праганы алғаны үшін» медальдарымен және ІІ Дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Қазіргі уақытта Нұрмыхамед Рақышев Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде тұрып жатыр.
ҰОС ардагері туралы мәліметтер «Ұлан аудандық Орталықтандырылған кітапхан жүйесі» КММ-нен алынған.