Полтарацкий Федор Елизарович – ҰОС ардагері Полтарацкий Федор Елизарович 1927 жылы 14 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Урунхай руднигінде дүниеге келді. Ұлты – орыс. Бес кластық білімі бар. 1944 жылдың желтоқсанында әскерге шақырылды. Қиыршығыс майданы Манчжурияда жапон басқыншыларына қарсы соғысқан. Майданда барлаушы болып, 136 атқыштар полкі барлау бөлімшесінің командирі болған. «Отечественной войны ІІ степени» орденімен, «За победу над Японией», «Маршала СССР Г.К.Жукова» медалдерімен, «Ветеран Войны 1941-1945гг.» төсбелгісімен, сонымен қатар «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.», «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.», «Сорок лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.», «50 лет победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.», «55 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.», «60 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.», «65 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.» медальдарымен марапатталған. Соғыстан кейінгі уақытта Белогор кен-байыту комбинатының Огневка руднигінде ұста болып жұмыс істеген. Көзінен алған жарақатына байланысты мүгедектікпен зейнеткерлікке шыққан. Екі бала тәрбиелеп өсірген. Қызы Полтарацкая Полина Федоровна Германияда, ұлы Полтарацкий Евгений Федорович Өскемен қаласында тұрып жатыр. Әйелі қайтыс болған. Қазіргі уақытта Федор Елизарович Ұлан ауданының Огневка кентінде тұрып жатыр.
ҰОС ардагері туралы мәліметтер «Огневка кенті әкімінің аппараты» ММ-нен алынған.