Мухин Михаил Владимирович –ҰОС және еңбек ардагері Мухин Михаил Владимирович 1923 жылы 23 қарашада Шығыс Қазақстан облысы Бұхтарма ауданының Бухтарма ауылында дүниеге келді. Төрт кластық білімі бар. Екі ұл тәрбиелеп өсірген. Әйелі қайтыс болған. Еңбек жолын 15 жастан бастаған, Тарғын ауылындағы шахтада жұмыс істеген. 1941 жылы қарашада әскер қатарына шақырылып, Жапониямен шекаралас Қиыр Шығыста бүкіл соғыс бойы қызмет еткен. 1947 жылы сержант шенінде әскерден босатылып, зейнеткерлікке шыққанша Белогор кен-байыту комбинатында жұмыс істеген. 1947 жылғы 23 сәуірден «Большевик» артелінде забойщик болып жұмыс істеген, ал 1950 жылғы 01 наурыздан 1981 жылғы 02 ақпанға дейін Белогор кен-байыту комбинатының Асу-Бұлақ руднигінде забойщик болып жұмыс істеген. 1978 жылдың 02 шілдесінде «Еңбек ардагер» атағы берілген. Марапаттары: 1. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен «За участие в боевых действиях против японских империалистов» медалімен марапатталған, 2. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 09 мамырдағы Жарлығымен «За Победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» медалімен марапатталған; 3. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1985 жылғы 11 наурыздағы Жарлығымен «Отечественной войны 2-ой степени» орденімен марапатталған; 4. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1965 жылғы 07 мамырдағы Жарлығымен «Двадцать лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.» медалімен марапатталған; 5. Кеңес Одағының Маршалы КСРО Қорғаныс Минстрінің «Двадцать пять лет Победы в Великой Отечественной Войне» белгісімен марапатталған; 6.КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1975 жылғы 25 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «Тридцать лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.» мерекелік медалімен марапатталған; 7. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1978 жылғы 28 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «60 лет Победы Вооруженных Сил СССР» мерекелік медалімен марапатталған; 8. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1985 жылғы 12 қаңтардағы Жарлығына сәйкес «Сорок лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.» мерекелік медалімен марапатталған; 9. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «70 лет Вооруженных Сил СССР» мерекелік медалімен марапатталған; 10. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1995 жылғы 25 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «Пятьдесят лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.» мерекелік медалімен марапатталған; 11. ТМД қатысушылары - мемлекет басшылары Кеңесінің 1995 жылғы 26 мамырдағы шешіміне сәйкес Кеңес Одағының Маршалы Жукова Г.К. медалімен марапатталған; 12. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 2004 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес «60 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.» мерекелік медалімен марапатталған; 13. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 2010 жылғы 30 сәуірдегі Жарлығына сәйкес «65 лет Победы в Великой Отечественной Войне 1941-1945гг.» мерекелік медалімен марапатталған. Қазіргі уақытта Михаил Владимирович Ұлан ауданының Асубұлақ кентінде тұрып жатыр.
ҰОС ардагері туралы мәліметтер «Асубұлақ кенті әкімінің аппараты» ММ-нен алынған.