Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Крупенкова Анна Ефимовна
(21-10-1919 - )

Крупенкова Анна Ефимовна – ҰОС Крупенкова Анна Ефимовна Новосибир облысы, Убин ауданы, Радульский кентінде 1919 жылы 21 қазанда шаруа отбасында дүниеге келген. 1937 жылы мектепті бітіргеннен соң, Омск медициналық училищесіне түседі. Оны 1939 жылы бітіріп, медбике мамандығын алып шығады. 1941 жылдың наурыз айына дейін  Купино бекетіндегі Омск теміржол ауруханасында жұмыс істейді. 1941 жылдың наурыз айында ШҚО Глубокое кентіне әке-шешесінің жанына көшіп келеді. Ауруханада медбике болып жұмыс істейді. 1941 жылғы 24 шілдеде Кеңес әскері қатарына шақырылып, Қиыр Шығыстағы Хабаровск қаласында 88-ші жеке атқыштар бригадасында медбике қызметін өтеді. 1945 жылғы тамыздан қыркүйек айына дейін Жапон соғысына қатысқан. 1945 жылдың қараша айында запасқа босатылды. Соғыстан кейін Глубокое ауруханасында жұмыс істейді. 1954 жылы Таврия ауылына тың игеруге көшіп келеді. 1954 жылдан 1974 жылдар аралығында Таврия аудандық ауруханасының хирургия бөлімінде зейнетке шыққанға дейін медбике болып жұмыс істейді. 2 дәрежелі «Отан Соғысы» орденімен, «Еңбек ардагері», «Мерекелік медаль», «Астанаға 10 жыл» және тағы басқа медальдерімен марапатталған. Қазіргі уақытта Анна Ефимовна Ұлан ауданының Таврия ауылында тұрып жатыр.

ҰОС ардагері туралы мәліметтер «Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алынған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу