Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Демешко Анатолий Владимирович
(22-06-1919 - )

Демешко Анатолий Владимирович – ҰОС және еңбек ардагері, ағарту ісінің үздігі, Ұлан ауданының Құрметті азаматы     Демешко Анатолий Владимирович 1919 жылы 22 маусымда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Ленинка ауылында дүниеге келді. Өз еңбек жолын Никитинка ауылында мұғалімдіктен бастап,  1940 жылы Васильевка ауылындағы Ломоносов атындағы мектепке мұғалім болып тағайындалды. 1941 жылдың сәуірінде Қызыл Әскер қатарына шақырылды. Богдан Хмельницкий орденды дивизиясы 343-ші артиллериялық полктың 136 Киевтік Қызылтулы атқыштар құрамында Днепр, Буг, Висла, Одер өзендерін қалыптастыруға қатысты.  Воронеж, Киев, Варшава қалалары үшін, Украинананың   Корсунь-Шевченковский қаласының түбіндегі шайқастарға қатысып, жауды күйрете жеңгені үшін қарулық есеп пен осы есептің командиры Демешко Анатолий Владимирович «Красная Звезда» орденімен марапатталды.  Жеңісті немістің портты қаласы Штеттинде қарсы алды. Әскери ерлігі үшін «За отвагу» медалінің төртеуімен, 2 дәрежелі «Отечественная война» орденімен, «За взятие Варшавы», «За Победу над Германией», «Георгий Жуков» медалдарымен, Бас қолбасшының грамоталарымен, Жеңіс пен Қарулы күштердің құрметіне мерекелік медальдармен марапатталды. 1945 жылдың 25 қарашасында сержант атағында әскер қатарынан босатылды. 1946 жылдың ақпан айынан бастап Ленинка ауылындағы А.С.Пушкин атындағы мектептің математика, артынан  еңбекке баулу және сызудан сабақ беріп, тәрбие ісінің меңгерушісі болды.  1979 жылы жасы жетіп зейнеткерлікке шыққан соң 5 жыл еңбек етті. Білім саласындағы еңбек өтілі 45 жылды құрайды. Демешко А.В. бүкіл өмірін педагогика қызметіне, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жұмсады. Ерен еңбегі үшін Демешко А.В. «За освоение целинных земель», «За  доблестный труд», «Ветеран труда» медалдарымен, Қазақ ССР білім Министрлігінің «Отличник Народного просвещения Казахсой ССР» төсбелгісімен, көптеген республика, облыс және аудан көлеміндегі грамоталары бар. 1997 жылы «Ұлан ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді. Төрт немересі, төрт шөбересі бар. Қазіргі уақытта Анатолий Владимирович Ұлан ауданының Сағыр (Ленинка) ауылында тұрып жатыр.

ҰОС ардагері туралы мәліметтер «Аблакетка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алынған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу