Гудков Георгий Андреевич – ҰОС ардагері Гудков Георгий Андреевич 1925 жылы 06 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын (қазіргі Катон Қарагай) ауданының Яры ауылында дүниеге келді. 1932-1942 жылдары мектепте оқыды. Отбасы жағдайына байланысты мектепті сегізінші сыныптан тастап, «Катунь» артелінде шашылмалы алтын өндіретін Теректі приискісінде жұмысшы болып істейді. 1943 жылғы 27 қаңтарда Қызыл Әскер қатарына шақырылған. Жапон әскері басып алған Манчжуриямен шекаралас Еврей-автономиялық облысының 52 зеңбіректі-артиллериялық полкында радиотелеграфист болып қызмет етті. 1944 жылғы 23 ақпанда кіші сержант шені беріліп, комсомол қатарына қабылданды. 1945 жылғы 09 тамызда бөлімше алғашқы боп шайқасып, біздің әскердің Амур өзені арқылы өтуіне жол ашты. Алғашқы сағаттың ішінде-ақ жапон әскерінің қозғалысын тоқтатты. Бөлімшенің келесі әскери қимылы Тудзян және Фудзян қалаларын жапон басқыншыларынан азат ету еді. Шайқастарға қатысқаны үшін «За победу над Японией» медалімен марапатталды. 1946 жылы радио бөлімінің командиры болды. Осы жылы батареяның ВЛКСМ секретары болып сайланды. 1947 жылы «30 лет Вооруженным Силам» медалімен марапатталды. 1949 жылы Оңтүстік-Сахалин госпиталінде созылмалы ауру мен емделуден соң Қарулы Күштер қатарынан босатылды. Содан кейін туған жері Үлкен Нарын ауданының Теректі ауылына оралып, радио жүйесіне электромонтер болып жұмысқа орналасты. 1950 жылдың 07 қаңтарында үйленді. 1953 жылы Ново-Березовка ауылына қоныс аударып, радио және телефон желілері жүйесінде жұмысын жалғатырады. Осы Ново-Березовка ауылында тұрғанда ауылдық Кеңестің депутаты болып 1956,1959,1962 жылдары сайланды. 1958-1969 жылдар - жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің төрағасы, 1958-1978 жылдары – халықтық Кеңестің төрағасы. 1962-1966 жылдары кешкі мектепте оқып, он сынып бітірді. 1962 жылы Құрмет тақтасына енгізілді. 1965 жылы «Победитель Социалистического соревнования за Пятилетку» медалімен марапатталды. 1978 жылы жұмыс бабымен Таврия ауылына қоныс аударды. Таврия ауылындағы алғашқы күннен бастап қоғамдық жұмысқа белсене араласып, Таврия аудандық ардагерлер Кеңесінің құрамына енеді. Содан соң ауылдық Кеңестің депутаты болып сайланады, артынан тағы да үш рет осы Кеңеске депутат болып түседі. 1993 жылы Таврия аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы болып сайланады. Таврия және Ұлан аудандарының қосылуына байланысты Ұлан аудандық ардагерлер Кеңесі төрағасының орынбасары болды. 1987 жылы Таврия мәдениет үйінде «Ардагерлер хоры» ұйымдастырылғаннан бастап осы хорға қатысып, жиырма жылдан астам аудан және облыс көлемінде өнер көрсеткен. Қазіргі уақытта Георгий Андреевич Ұлан ауданының Таврия ауылында тұрып жатыр.
ҰОС ардагері туралы мәліметтер «Таврия ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ алынған.