Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Ғабдуллин Тоқтар
(1926 - )

Ғабдуллин Тоқтар – ҰОС ардагері   Ғабдуллин Тоқтар 1926 жылы туған. Әке-шешесі колхозда жұмыс істеген. 1941 жылы соғыс басталғанда 13-14 жаста болған, сол кезде колхозда күндіз түні жұмыс істеген. 1945 жылы әскер қатарына шақырылып, соғысқа аттанады. № 44 атқыштар дивизиясында, одан кейін № 10-387  паходный дивизиясының құрамында соғысқа қатысты. Соғыс Румынияның Бухарест қаласында аяқталды. Соғыстан кейін 1948 жылы Бандылармен соғысып, елге қайтып Қырымның жанындағы Семпирол қаласында 1951 жылға дейін әскери борышын өтеді. Май айында үйге қайтты. Үйге келгеннен кейін почтада союзпечать басшысы болып 1957 жылға дейін істеді. 1957 жылы аудан  Зайсанға қосылғаннан кейін Ақжар  совхозында қоймашы кәсіподақ ұйымының басшысы болып істейді. Потребсоюзда партия ұйымын сектеретарьі, кадр жөнінде орынбасары болып қызмет істеді. Көптеген ұйымда жұмыстар атқарды. Аудандық партия комитетінде парткомиссия мүшесі, халықтық комитет мүшесі. Аудандық, облыстық соттың заседатель болып, ауылдық, аудандық советтің депутаты болып бірнеше рет сайланды. Облыстық ауылшаруашылық кәсіподақ ұйымының мүшесі болып сайланды. Казах ССР кәсіподақ  ұйымының құрмет грамотасымен, облыстық атқару комитетінің, аудандық партия комитетінің құрмет грамотасымен, Ұлы Отан Соғысы орденімен, 14 медальмен марапатталған. Отбасында жеті бала тәрбилеп өсірген. 17 немере, 11 шөбере сүйіп отыр. Қазіргі уақытта Ұлан ауданының Қасым Қайсенов кентінде  тұрып жатыр.

ҰОС ардагері туралы мәліметтер «Ұлан аудандық Орталықтандырылған кітапхан жүйесі» КММ-нен алынған.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу