Михаил Александрович Юрченко Алтай өңірі Волчихино ауданы Вострово с. 1925 жылы 4 наурызда дүниеге келді. 1942 жылғы маусымда М.А.Юрченко 17 жасында соғысқа өз еркімен шақырылып, Тамбов жаяу әскер училищесіне жіберілді. Ол қысқартылған оқу курсын аяқтап минометші мамандығы бойынша 4-ші Гвардиялық механикаландырылған корпустың 13-ші мотомеханикаландырылған бригадасына жіберілді. М.А.Юрченко Сталинград, Курск доғасы шайқастарына қатысты. 1943 жылы жаз мезгілінде Донецк облысының Горловка қ. үшін ұрыс кезінде М.А.Юрченко ауыр жараланды. Ессентуки қ. госпиталінде емделіп шыққасын 63-ші Таман танк бригадасына жіберілді. М.А.Юрченко 1942 жылдан 1945 жылға дейін ұрыстарға қатысты. Екі рет ауыр жарақат алды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін екі мәрте Қызыл Жұлдыз, І және ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ерекше еңбегі үшін» медальдарімен марапатталды. Михаил Александрович әскерден босағасын жалпы білім беру мектебін, ал 1964 жылы - Н.К.Крупская атындағы Семей мемлекеттік педагогикалық институтты бітірді. Ол Семей қалалық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Семей ет-консерві комбинаты партия комитетінің хатшысы, Семей облыстық сауда басқармасының бастығы, Семей облыстық «Спорттовары» көтерме-бөлшек бірлестігінің бастығы қызметтерін атқарды. Михаил Александровичтің соғыстан кейінгі еңбегі елеусіз қалған жоқ, ол «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері» медальдарімен, екі мәрте Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, «Қазақ КСР халыққа білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапатталды. М.А.Юрченкоға «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.