Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Мухамадиев Укай
(1912 - )

Мухамадиев Укай Семей облысының Көкпекті ауданы Қарағанды-Көл с. 1912 жылы дүниеге келді. Мухамадиевты 1942 жылы қараша айында Самар әскери комиссариаты әскерге шақырды. Оңтүстік-Батыс майданы 3-ші Қызыл Ту армиясы 266-шы Артемовск атқыштар дивизиясының 1008-ші атқыштар полкі 2-ші батальон санвзводының санитары болып соғысқа қатысты. Запорожье қ. қорғаныс ұрыстарында жау оғының астында он екі жарақат алған сарбаздар мен офицерлерге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оларды жеке қаруларымен ұрыс даласынан алып шықты. Осы ер жүректігі үшін «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін Укай Мухамадиев ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, «Берлинді алғаны үшін», «Варшаваны алғаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Германияны жеңгені үшін» және көптеген мерейтойлық медальдарімен марапатталды. Соғыстан кейін У.Мухамадиев еліне оралып Көкпекті ауданының мал шаруашылығы саласына еңбек сіңірді. Ол аға малшы қызметінде үнемі жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізді, жастардың тәлімгері болды. 1956 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылық көрмесіне қатысып ХШЖК медалімен марапатталды.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу