Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Рукавишников Борис Васильевич
(1922 - 04-01-1965)

Борис Васильевич Рукавишников 1922 жылы дүниеге келді. Әскер қатарына 1941 жылдың тамызында Зырян әскери комиссариатымен шақырылды. 1941 жылғы 24 қарашадан бастап Батыс және Калинин майдандарында 247-ші атқыштар дивизиясы 920-шы атқыштар полкі 40-шы жеке атқыштар бригадасында атқыштар рота командирі болды. 1942 жылы 14 тамызда Калинин облысының Скрябино селосын шабуылдау кезінде ауыр жарақаттанды. Әскери сараптау комиссия Б.В.Рукавишниковты емделіп шыққасын әскери қызметке жарамсыз деп таныды. 1943 жылғы сәуірден 1944 жылғы маусымға дейін Борис Васильевич ЛКҚЖО Семей обкомының әскери жұмыс жөніндегі нұсқаушысы болып істеді, кейін Украинаның азат етілген аудандарына комсомол жұмысына жіберілді. 1946 жылы желтоқсанда Б.В.Рукавишников Семейге қайта оралып қаланың тұрғын үй басқармасының бастығы қызметіне алында. 1958 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын «Тарих» мамандығы бойынша бітірді. Борис Васильевич Семей қалалық еңбекшілер депутаттары кеңесінің атқару комитетіне ұйымдастыру тобының меңгерушісі лауазымына ауыстырылды. 1963 жылдан бастап Семей облыстық кітап саудасы бөлімшесі директорының қызметін атқарды. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін Борис Васильевич «Москваны қорғағаны үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медальдарімен марапатталды.Б.В.Рукавишников 1965 жылғы 4 қаңтарда қайтыс болды.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу