Михаил Иванович Овчинников 1906 жылы Сызрань қ. дүниеге келді. Кейін ата-анасымен Томск қ. көшіп барды. Томск қ. мемлекеттік университетінің физика бөлімін бітірді. 1941 жылғы 25 маусымда майданға алынды. 359 артиллерия полкінде 2-ші рангілі әскери технигі болып соғысты. Жұбайы Таисия Гавриловнаға жіберген соңғы хаты 1941 жылғы 16 тамызда жазылған. «Брянский рабочий» газетінің қоғамдық тілшісі 1971 жылы Таисия Гавриловнаға жолдаған хатында И.К.Гуровтың сөзі бойынша М.И.Овчинников Вишеры ауданының Папоротниково селосы Черная өзені жанында қаза болды. Бауырластар зиратында жерленген. Семей облыстық әскери комиссариаты берген 17.11.1975 ж. № ВК-3516 анықтамасында М.И.Овчинников майданда 1941 жылдың желтоқсан айында хабар-ошарсыз жоғалды деп жазылған. Колпашев с. аудандық әскери комиссариаты жасаған әскери қызметкерлердің атаулы тізіміне сәйкес Ұлы Отан соғысы кезінде М.И.Овчинниковпен байланыс 1942 жылдың мамыр айында тоқтатылды.