Ұлы Отан соғысына қатысушылар
Маркин Федор Иванович
(1902 - 09-08-1944)

Федор Иванович Маркин 1902 жылы Могилев облысының Дрибин ауданында туған. Екі сатылы мектепті аяқтап, кейін Семей қаласының ауыл шаруашылық институтының жер өлшеуші курсын бітірді. Соғысқа дейін мемлекеттік жерге орналастыру мен картография басқармасының Шығыс Қазақстан бөлімішесінде топография отрядының бастығы болып жұмыс істеді. Соғыс кезінде 578-ші жойғыш танкіге қарсы артиллериялық полк штабы бастығының орынбасары болды. Федор Иванович 1944 жылы 9 тамызда ұрыс кезінде қаза болды.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу