Карякин Борис Сергеевич 1911 жылдың 22 шілдесінде Көкшетау қаласында туған. Орта мектепті бітірген кейін ата-анасымен Семей қаласына көшіп келіп, 1930 жылы еңбек жолын мелиорация бөлімінде аға жұмысшы болып бастады. Бір жылдан соң техник лауазымына ұсынылып, агроном- топырақ зерттеуші курсына жіберілді, 1932 жылы ойдағыдай тәмамдады. Борис Сергеевич Кеңестік Армия қатарына шақырылмастан бұрын, Семей облыстық су шаруашылығында гидротехник, кейін гидротехник-прораб болып жұмыс атқарды. 1940 жылы Зайсан аудандық су шаруашылығының аға инженері, бір жылдан соң – Шығыс Қазақстан облысының су шаруашылығы бөлімі бастығы болып тағайындалды. 1940 жылы Кеңестік Армия қатарына шақырылып, 372-ші атқыштар полкінің танкіге қарсы батареясы командирі болды.