Түсіпбаев Тәттібек 1915 жылы туды. 1939 жылы Семейдің тіл және әдебиеті қазақ мұғалімдер институтын бітірді. 1941 жылдың желтоқсанында Жаңа Семей аудандық әскери комиссариатымен соғысқа шақырылады. Гвардия аға лейтенанты, 64-ші Суворов орденді Могилев атқыштар дивизиясының 451-ші атқыштар полкінің саптық бөлімі бойынша 2-ші атқыштар батальоны командирінің орынбасары болып қызмет етеді. Калинин, Орталық, 1 және 2- Белоруссия майдандарында соғысты. Екі рет жараланды – 1941 жылдың желтоқсанында және 1942 жылдың қазанында. Көрсеткен ерлігі үшін, тапқырлығы мен ұрыста батальон бөлімшелерін басқара білгені үшін 1-дәрежелі Отан соғысы орденіне ұсынылды. 1945 жылдың 24 сәуірінде Т. Түсіпбаев 6-атқыштар ротасының Берлин түбіндегі Бризен деревнясын басып алу үшін болған шабуылына жетекшілік жасады. Дұрыс ұйымдастырылған ұрыстың арқасында, рота деревняға бірінші болып баса-көктеп еніп, жертөлелер мен шатырларда орналасқан 10 пулеметтік есептердің, 2 зениттік зеңбіректің, өздігінен жүретін зеңбіректің көздерін жойды. 80-ге жуық неміс өлтіріліп, 68 неміс солдаты мен офицерлері тұтқындалды. Бұдан өзге, қарсыластардан алынған олжалар: 100 мм зеңбірек, 3 пулемет, 3 автокөлік, 60 винтовка мен автоматтар. Тәттібек Түсіпбаев 1945 жылдың 2 мамырында Берлинді шабуылдау кезінде қаза тапты. Ол Берлин қаласының Марцан ауданындағы кеңестік әскерлердің зиратында жерленген. Қаза болғаннан кейін Қызыл Жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталды.