Жүнісов Төлеу Жүнісұлы (1923 – 1996) Семей облысы Аягөз ауданы Сергиополь ауылында туған. 1931 жылы Сергиополь орта мектебіне оқуға түсіп, 1941 жылға дейін білім алды. Содан кейін педагогикалық техникумның 3-курсына оқуға түсті. 1942 жылдың қаңтарынан наурызына дейін Сергиополь орта мектебінде мұғалім болып – тәжірибелік сабақтар берді. 1942 жылдың наурызында Аягөз аудандық әскери комиссариатымен Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Алматы әскери жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін, 1088-ші атқыштар полкінің 9-шы ротасына взвод командирі көмекшісі болып жіберілді. 1943 жылдың маусымында 206-шы запастағы атқыштар полкіне ауыстырылды. Жараланып, Калуга қаласындағы эвакогоспиталінде емдеуде болды. Майданға қайта оралып, взвод командирі көмекшісі, 4-ші миномет дивизиясының 7- артиллериялық запастағы полкіне зеңбірек командирі болып қабылданды. Содан кейін аға кеңсе хатшысы, 2083-ші запастағы атқыштар полкінің 37 мм зеңбіректі взвод командирінің көмекшісі болып қызмет атқарды. 1946 жылдың 24 наурызында запасқа шығарылды. Ол Оңтүстік, Батыс, 3- Белоруссия майдандарында соғысты. Сталинград, Курск, Белград түбіндегі ұрыстарға қатысты. Кенигсберг қаласын азат етуге қатысқаны үшін медальмен марапатталды. Инсбербург, Кенисберг қалаларын азат етуге қатысқаны үшін Жоғарғы бас қолбасшы Сталин жолдастың алғыс хатын алды. Қызмет еткен 4 жыл ішінде бірнеше рет жараланып, бір рет ауыр зақымданды. Соғыстан соң, 1946 жылы, Аягөз аудандық су шаруашылығы бөліміне аудандық гидрометр ретінде жұмысқа кіріп, аға инженер, кейін бөлім меңгерушісі болып ауыстырылды. 1959 жылы Семей ауыл шаруашылық техникумын «Ауылдық ГЭС және гидромелиорация құрылысы» мамандығы бойынша бітіріп, гидротехник мамандығын алды. 1955 – 1961 жылдар аралығында Семей облысы Ертіс-Шар суару жүйелері басқармасының бастығы, 1961-1965 жылдары Семейдің «Казводстрой» ҚМБ Жарма прорабтық учаскесі бастығы болып қызмет атқарды, 1965 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанша - Семей облысы Үржар суару жүйелері басқармасының бастығы болды. 1959 жылы Семей гидромелиоративті техникумын бітіріп, Алматы ауыл шаруашылығы институтына оқуға түседі. Жүнісов Төлеу Жүнісұлының еңбегі мен қоғамдық қызметі «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толу құрметіне орай Ерен еңбегі үшін», «Еңбек Ері», «Тыңайған жерлерді игерген үшін» медальдарымен атап өтілді. КСРО ХШЖК қатысушы ретінде көрменің қола медалімен марапатталған. Мелиорация жүйесіндегі көп жылдық еңбегі үшін Қазақ КСР мелиорация және су шаруашылығы Министрлігінің Құрмет грамотасымен, Семей облыстық еңбекші депутаттары Кеңесінің Атқарушы комитетінің, Семей облыстық кәсіподақ комитетінің грамоталарымен марапатталған. Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Германияны Жеңгені үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін» медальдарымен, көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталған.