Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Жуков Николай Дмитриевич
(1923 - 2004)

Жуков Николай Дмитриевич (1923 – 2004) Алтай өлкесі Завьялово ауданы Вылково ауылында туған. 1930 - 1934 жылдар аралығында Жуковтар Прокопьевск қаласында тұрып, кейін Алматы қаласына көшті. Николай Дмитриевичтің әкесі көп ұзамай қайтыс болып, анасы үш баламен қалады. Анасы мен қарындастарының өмірін жеңілдету үшін,  Николай біраз уақыт балалар үйінде тұрады. 1939 жылы, 16 жасқа толуына байланысты, оны «Путь Ильича» колхозына оқуға және жұмыс істеуге жібереді. 1942 жылдың қаңтарында Николай Дмитриевич миномет взводының командирлерін дайындайтын Алматы жаяу әскер училищесінің  жеделдетілген курсына оқуға түсіп, мамыр айында лейтенант атағын алып, 66-шы зениттік-атқыштар полкінің 93-ші атқыштар батальонына жіберілді. 75 мм зеңбіректі миномет взводының командирі болып  қызмет етті. 1943 жылдың шілдесінде 39-офицерлер оқу полкіне жіберіліп, 45 мм зеңбіректі взвод командиріне қайта мамандандырылды. 1943 жылдың желтоқсанында 297-ші Славянско-Кировоград дивизиясының 1059-шы атқыштар полкіне жіберілді. 1944 жылдың қазан айында жараланады. Госпитальде емделгеннен соң, 1945 жылдың ақпанында 269-шы Рогачевский Қызыл Ту орденді Кутузов атқыштар дивизиясының 57 мм зеңбіректі 1020-шы атқыштар полкінің командирі болып тағайындалады. Николай Дмитриевич 2-ші Украина, Белоруссия майдандарында соғысты, Венгрия, Румыния, Польша, Германияны азат етуге қатысты.  Соғыс жолдарымен Берлинге дейін жетті. Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерлігі, төзімділігі мен батылдығы үшін Жуков Николай Дмитриевич 1-ші және 2-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «1941-1945жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Германияны Жеңгені үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен, «Украина азаттығының 50 жылдығы», Кеңес Одағының Маршалы Г.К. Жуковтың медальдарымен, 3-ші Армия ардагері естелік белгісімен, соғыс ардагерлері Кеңестік комитетінің төс белгісімен, көптеген мерейтойлық медальдармен және төс белгілерімен марапатталған. 

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу