Амержанов Иван Федорович 1919 жылы Семей облысы Бесқарағай ауданы Сосновка ауылында туды. Ұлы Отан соғысы кезінде 65-ші Гвардиялық Рига атқыштар дивизиясының 88-ші жеке Гвардиялық барлау ротасында барлаушы болып соғысты. 4 рет жараланса да, тез майданға қайтып оралды. Жауынгерлік міндеттерді үздік орындағаны үшін Қызыл Жұлдыз орденіне ұсынылды. 1944 жылдың қараша айының 10-ынан 11-іне қараған түні барлаушылар тобына Татар АКСР Ақши ауданы Құлтас ауылының аумағында немісті тұтқынға алуға тапсырма берілді. Иван Федорович басып алушы топты қорғайтын отрядты басқарды. Амержанов отряды 6-8 метр қашықтықтағы қарсыластар қорғанысына ілгері жылжыды. Олар 8 немісті байқап қалып, Иван Федорович автоматтан оқ атты. Ол екі немісті өлтіріп, қалғандары қаша жөнелді. Басып алушы топ тұтқын алғаннан соң, Амержанов отряды топты өз шептеріне жеткенше қорғады.