Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Рустемов Мурат
(25-06-1924 - )

I дәрежелі «Ұлы Отан соғысы»  орденін, «Германияны жеңгені үшін», «Кенисбергті алғаны үшін» медальдарын және Совет Одағының бас  маршал Сталиннің алғысын алған Қазақстандық 8 - ші гвардиялық Панфиловшылар дивизиясының полкынан соғысқа аттанған  Мұрат Рүстемов Зайсан ауданы, Жарсу ауылында туған.  1942 әскер қатарына шақырылған М.Рүстемов семей қаласындағы 125-ші қосалқы атқыштар дивизисының пулемет жасақтау полкінде  әскери дайындықтьан өтеді. Калинин майданында үш ай қорғаныс шебінде болады. 1943 жылы шілдеде болған Ново – Свинухова деревнясы маңындағы шабуылда ауыр жарақаттанады. Новосибирскідегі әскери госпитальда үш ай емделіп, сол жерден  3- ші белорусь майданы  67-ші атқыштар полкі құрамында қайтадан соғысқа кіреді.  Полк командирінің бұйрығы бойынша, рота үшке бөлініп, шабулға шығады.  Сол жердегі жаудың үлкен бекінісін жою кезінде  тағы да ауыр жарақаттанады. 1944 жылдың 7 сәуірі күні жау оғына тағы тап болады. Жүрегін жеңіс шуағына бөлеген солдат майдан даласынан,  қанды көйлек жолдастарымен бірге 1946 жылы соғыстан  елге оралды. Соғыстан кейін бейбіт тіршілікте қырық жыл еңбек еткен  майдангер жеті бала тәрбиелеп өсіріп, ұрпақтарының қызығын қызықтауда.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу