Муқанов Шаймардан - (1924-1986) Қарабұлақ ауылында, Зайсан ауданы, Шығыс Қазақстан облысында келген. Еңбек жолын 1940 ж. «Освобождение» колхозында көмекші шопандықтан бастаған. 1941-1945 Ұлы Отан соғысы жылдарында 1-Украина майданындағы шайқастарға қатысқан. 1957 жылы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылық көрмесіне қатысу құрметіне ие болған, «Көрме қатысушысы» медалі тапсырылған. 1964 жылы «Қазақ ССР-і социалистік шаруашылықтың шебері» атағы берілген. Атақты шопанның есімі алтын әріппен Республиканың «Құрмет кітабына» жазылған. 1957 жылдан Коммунистік партия мүшесі- 1958 жылы Ленин орденімен марапатталған. Мал шаруашылығындағы қажырлы еңбегі, «Жетіжылдықта» мал шаруашылық өнімдерін асыра орындағаны үшін 22 наурыз 1966 жылы Мұқанов Шаймарданға Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, «Ленин» және «Алтын Жұлдыз» ордендерімен марапатталған.
Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы, қ.117 , т.1, іс6