Андырбаев Исабек -1911 жылы Зайсан ауданы Бесжылдық ауылында туып-өскен . 1941 жылы Зайсан әскери комиссариатынан әскерге шықырылып, 208 авторотада жүргізуші, 221 дивизиясында, 625 полкінде- наводчик -байланысшы, минометшілер ротасында 120 мм минометчик Сталинград бағытындағы Сталинград- Москва темір жолы үстіндегі ұлкен ұрысқа қатысып ауыр жараланады, госпитальдан шыққаннан кейін Ленинград майданында, Финляндия, Латвия, Белоруссия, Польшаны, Шығыс Пруссияны азат ету майдандарына қатысқан. 1943 жылы 2 рет «Қызыл Жұлдыз» орденін, «Ерлігі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Отличный связист», «Отличник шофер», Ленинград майданында, Жапония майдандарында ауыр шайқастарда жүргізуші болып «Германиядағы жеңіс үшін», Жапониядағы жеңіс үшін, тағы да басқа көптеген марапаттарға ие болған. Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Зайсан филиалы, қ.250 , т.1, іс 161