Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Аманжолов Сәрсен Аманжолұлы
(27-12-1903 - 1958)

Туған жері: Қазақ КСР, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Егінсу ауылы

Әскери атағы: майор

1942 жылдың ақпанынан 1946 жылдың маусымына дейін Кеңес Армиясы қатарында белсенді әскери қызметте болды, орыс емес ұлт жауынгерлері арасында саяси-тәрбие жұмысын жүргізді, қазақ тілінде «Қызыл Армия үгітшісінің дәптері» және Кеңес Одағының Батырлары туралы парақшалар шығарды. С. Аманжолов жазған қазақ тілі оқулықтары мен бағдарламалары ана тілін оқытуды ғыл. жолға қоюға елеулі ықпал етті. Аманжолов қазіргі қолданыстағы кириллицаға негізделген қазақ жазуын жасады.Сонымен қатар халық ауыз әдебиеті нұсқаларын жинап, әдеби тіл тарихын зерттеумен айналысты. «Қазақ диалектологиясының негізгі мәселелері» деген доктор диссертациясында қазақтың әдеби тілі мен қазақ тілінің диалектілік негізін, оның қалыптасу тарихын, дамуын жан-жақты зерттеді, диалектілердің түркі тілдермен жақындығын, ру-тайпа халық тілінің байланысын, даму жүйесін анықтады.

Марапаттар: - «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі, - «Кеңестік Арктиканы қорғағаны үшін» медалі.

1903 жылы 27 желтоқсанда Егінсу жерінде (қазір ШҚО Ұлан ауданы) дүниеге келді. Ата-анасы жалшылар болды.
1924-1944 жылдары агитациялық машинаның басшысы болды және 14 Әскер саяси бөлімінің және Карель майданы саяси басқармасының дәріскері болды. 1945 жылдың қаңтар-мамыр айлар ішінде С. Аманжолов аса маңызды тапсырма бойынша Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскерінің Бас саяси басқармасының өкілі ретінде I және II Белорус майдандарының әскери операцияларында қатысып, агитациялық-насихат жұмыстарын ұйымдастырып жүргізді, ұлты орыс емес жауынгерлер арасында саяси-жаппай жұмыс тәжірибесін жинақтады. 1944 жылы «За оборону Советского Запалярья» медалімен марапатталды, 1945 жылы – «За победу над Германией в Великой Отечественно войне 1941-1945 гг.».
Әскерден қайтып келегеннен кейін С.А. Аманжолов Абай атындағы қазақ педагогикалық институтына қайтып келді, 1948 жылы «Основные проблемы казахской диалектологии» диссертациясын қорғап шығып, профессор атағын алды.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 1299 қ. (жеке текті қоры)

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу