Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Медведев Иван Иванович
(1926 - )

Медведев Иван Иванович 1926 жылы 15 қаңтарда Алтай өлкесі Онгудай ауданы Каракол ауылында туды. Медведевтер отбасында төрт бала болды: қызы Пелагея (1918 ж.т.), ұлдары Михаил (1924 ж. т.), Иван и Аркадий (1928 ж.т.). Әкесі – Иван Матвеевич, колхоздың төрағасы, шешесі – Елизавета Арефьевна, балаларын тәрбиелеумен болған. 1935 жылы отбасы Монголияға көшіп кетеді. Сол уақытта апайы Пелагея өз отбасымен Теньга ауылында тұрады. 1937 жылы отбасы қайтадан Караколға оралады, біраздан соң әкесі Иван Матвеевич жала бойынша қамауға алынады (осы жылы әкесі Горно-Алтайск маңында ату жазасынан қаза табады).
Елизавета Арефьевна ұлдарымен Ондай ауылына көшіп келіп бәрі пима басатын орында жұмыс істейді. 1939 жылы жетіжылдық білім алғаннан соң Иван Теньга ауылына апайына келеді, ол жерде қой совхозында жұмыс істеді – даладан шөп әкелетін, комбайннан кейін сабан жинады. Ұлы Отан соғысы басталғанда үлкен ағасы Михаил соғысқа аттанады. Иван үйге анасына қайтып келді.
1943 жылы 13 қарашада Онгудай аудандық әскери комитетпен Иван Медведев Кеңес Әскері қатарына шақырылып Барнаул қаласына 16-шы аймақтық мергендер мектебіне жолданады. 1944 жылы мамырда мектепті аяқтаған соң 51-ші запастағы атқыштар полктің атқышы болды.
1944 жылдың шілдесінен 1944 жылдың қазанына дейін Белоруссиядағы шайқастарға қатысты. 55-ші Мозырь атқыштар дивизиясы 111-ші Краснознаменный атқыштар полктің мергені болды.
1944 жылдың қазанында Белостокқа 90660 ә/б сержанттар метебіне жіберілді.
Сержанттік құрам Финляндияға жіберуге Порклаут түбегіндегі («Всесоюзная гауптвахта») солтүстік-батыстағы шектеулерді бекітуге құралған болатын. Түбекте 1950 жылға дейін ұзындығы 18 км шекара күзетілетін. Сержант Медведев взвод командирінің орынбасары болды. Жазда лагерде, қыста – казармада тұратынбыз.
1950 жылы қыркүйекте Медведев Иван Иванович әскерден қайтарылды.
Шайқастарға қатысқаны үшін, жақсы қызмет үшін ол II-і дәрежелі «Отан соғысы» орденімен (11 наурыз 1985 ж.), медальдармен: «За Победу над Германией» (09 мамыр 1945 ж.), КСРО-ның Маршалы Г.К. Жуковтың медалімен (26 мамыр 1995 ж.), «XXX лет Советской Армии и Флота» (22 ақпан 1948 ж.), «60, 70 лет Вооруженных Сил СССР», «20, 25, 30, 40, 50, 60, 70 лет Победы в Великой Отечественной войне (1941-1945 ж.ж.)», «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы женіске 65 жыл» (2010 ж.), «10 жыл Астана» (2008 ж.), «Ветеран войны 1941-1945г.г.» (08 қазан 1999 ж.) белгісімен марапатталды.
Отанына, Онгудай ауылына, оралғансоң Медведев Иван Иванович әр-түрлі жұмыстарда істеді (анықтама сақталған - 1953 жылдың 13 тамызынан 12 қазанға дейін Горно-Алтайск облкоммунхоздың Онгудайск комтрестінде жұмысшы болып істегені).
1953 жылы қазан айының аяғында туыстары тұрып жатқан Шығыс Қазақстан облысы Лениногорск қаласына келеді. Қала ұнады, сондықтан қалуға шешті. 1953 жылдың 3 қарашадан Лениногорск полиметаллкомбинатының орталық механикалық шеберхананың (кейін жөндөу-механикалық база) №1 цехына фрезеровщиктің оқушысы болып қабылданды. 1954 жылы 1 наурызда 4 разрядтағы фрезеровщик болып ауыстырылды, 1958 жылы оған 5 разряд берілді. 1966 жылдың 11 қарашаға дейін жөндөу-механикалық базада жұмыс істеді. 1966 жылдың 17 қарашадан 1968 жылдың 25 қарашаға дейін, 1969 жылдың 25 наурызынан 1972 жылдың 27 желтоқсанынан – «Средазцветметремонт» трестің Лениногорск басқармасында 5 разрядтағы газоэлектросварщик болды. 1968 жылғы 13 желтоқсаннан 1969 жылғы 9 наурызға дейін – «АКБС» трестінде КСМК газоэлектросварщик. 1973-1974 жылдарда Кайтинокск марал совхозында, Горно-Алтайск облыстық мемлекеттік плем. бірлестігінде жұмыс атқарды. 1974 жылғы 20 мамырдан 1981 жылдың 11 маусымына дейін – Лениногорск сыра зауытында газоэлектросварщик болып сол жерден зейнет демалысына шықты.
Көп жылдардағы адал еңбегі үшін «Ветеран труда» (20.03.1981 ж.) медалімен,
«Победитель социалистического соревнования 1978, 1980гг.» (20.02. 1979 ж., 06.03. 1981 ж.), «Ударник 9 пятилетки» (07.10.1975 ж.) белгілерімен, ақшалы премиялармен, құнды сыйлықтармен марапатталды.
Зейнетке шықса да еңбектенуді жалғастырды: Лениногорск продснабында (1981-1988 ж.ж.) құрылыс бөлімінде газоэлектросварщик, Лениногорск полиметалл комбинаты (1992 ж.) № 2 тұрғын үй басқармасы тұрғын үйді және әлеуметтік-меденитұрмыстық объектілерді толық жөндеу цехында слесарь – сантехник болды.
Кәзіргі уақытта Медведев Иван Иванович ауыр науқаста. 2014 жылы операция жасалды – кардиостимулятор қойылды. Оның жанында 60 жыл бойы жұбайы Медведева (Уланова) Любовь Кирилловна бірге болып келеді. Олар 1953 жылдың қазанында Иван Медведев жұмысқа түсер алдында медкомиссия өтіп жүргенде кездескен. Люба Уланова операциялық медбике – Лениногорск полиметалл комбинаттың медсанчастінде автоклавист болды. 1954 жылы 18 қыркүйекте екеуі үйленді. Андрей ұлын, Людмила және Екатерина қыздарын тәрбиелеп жеткізді, екі қыз Наталья және Мария, алты ұл Денис, Иван, Владимир, Илья, Александр, Дмитрий немерелері, төрт шөбере көріп отыр.
Медведев Иван Иванович облыстық, қалалық, жергілікті атқару органдардан, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің мерейтойларына Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтан құттықтаулар алды.

 

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағаттың Риддер филиалы, 53 қ., 1 т., 228 і., 1-2 б.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу