Ұлы Отан соғысына қатысқандар
Абеков Сармырза
(1924 - 2004)

Отан үшін от кешіп, туған ел үшін маңдай терін төгіп, сұрапыл соғысты көрген қарияларамыз да, біртіндеп кетіп жатыр. Атақ – даңқтары ұзап алысқа кетпесе де, бірақ елінің іргесін бекітіп, бейнетін арқалап, халық дәулетін арттыруға өздерінің қарапайым еңбектерімен үлестерін қосқан азаматтар аз болған жоқ.
Соғыс жастарды ерекше есейтіп, елін, жерін корғап, халық үшін, болашақ ұрпақ үшін жан аямай көзсіз еңбек еткен абзал жандарымыздың бірі – Сармырза Әбеков.
Сармырза Әбеков 25 қазан 1924 жылы бұрынғы Алматы облысы Алакөл ауданы Актоғай кентінде дүниеге келген.
7 жыл мектеп қабырғасын бітіре салып темір жол бойына монтер болып 1942 жылдың тамыз айында Сармырза Әбеков әскер қатарына шақырылып, 125 атқыштар полкінде курсант болып 1943 жылдың ақпан айына дейін дайындықтарын өтті.
1943 жылдың ақпан айында 70 атқыштар девизиясына атқыш болып Сармырза тұңғыш рет әскер қатарына толықтырған қаруластарымен бірге ұрысқа кіреді.
1943 жылдың жаз айында Курск доғасында байланысшы болып тағайындалып, командирдің бұйрығымен үзілген желіні жалғап, қайтып келе жатқанда кенеттен оқ нөсердің астында қалып жарақат алып әскери госпитальга түседі. Сауыгып шықаннан кейін артиллерия полкіне тап болады. Байырғы қызметі – байланысшы. Қан майданға тамыз айында қайта араласқан Сармырза Әбеков басқыншылардан Украина, Беларуссия жерлерін босатуға белсене қатысты. Днепр, Десна, Буг өзендерінен өтуде қайтпас қайсарлығымен көзге түскен.
1945 жылы Польша жеріне хатшы – байланысшы болып сұрапыл соғыста әр қадамы, әр күні ғана емес, әр сәтті өлім сепкен қырғынды қатерге бой жеткізбей Берлиннің маңындағы Кепинг қаласында тұрды. Көптен күткен Ұлы жеңісті сонда қарсы алды. Алайда қас дұшпан жеңіліс тапқанмен қарымта қайтармаса да қапысын келтіріп бір қан қақсатып қалудың қатерін көздеген қалдықтары баршылық болатын. Ендігі міндеті соларды түбегейлі жою еді. Көп қатарлы бұлда мәнді міндетті абыроймен атқарды. Ақыры 1947 жылдың көктемінде туған жер, өскен елге оралды.
Еліне аман – есен оралған Сармырза Әбеков Ақтоғай кентіне темір жол бойында слесарь, вагон тексерушісі болып еңбек ете бастады.
1951 жылдың 11 шілде айында Сармырза Әбеков Бакеева Нұрхаш апамызбен отау құрды. 1968 жылы жұмыс барысымен Таңсық кеңшарына ауыстырылып, автомобиль двигательдерін жөндейтін слесарь болып еңбек етті, тиісті міндетін абыроймен атқарды. Ауылдастарының, шаруашылық басшыларының сый – құрметіне бөленді. 1984 жылы 60 жасқа толып, зейнетке шыққан соң да, сүйікті ісімен айналысқан.
Кеңестік Одағының Маршалы бас колбасшысы жолдас Сталиннен 1945 жылдары «Модлин (Новогеоргиевск), Торунь (Торн), Хойнице (Конитц) және Тухоля (Тухель), Шолохау, Штегерс, Хаммерштайн, Бальденберг және Бублиц, Гданьск (Данцинг) қалалары мен қамалдары азат еткені үшін, ерлігі үшін алғыс хаттары табыс етілген.
14 наурыз 1947 жылы Германиядағы оккупатциондық әскери тобының бас қолбасшысы Кеңестік Одағының Маршалы Соколовскиден «Отанымыздың игілігіне адал қызмет еткені үшін» алғыс хаты табыс етілген.
29 қыркүйек 1954 жылы «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
9 мамыр 1967 жылы «1941-1945 жылдырдағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 20 жыл» мерекелік медалі табыс етілген.
11 наурыз 1985 жылы «Отан соғысының II- дәрежесі» орденімен марапатталған.
9 мамыр 1985 жылы «1941-1945 жылдырдағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 40 жыл» мерекелік медалі табыс етілген.
18 маусым 1987 жылы «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.
4 шілде 1988 жылы «Кеңес Одағы әскерінің құрылғанына 70 жыл» медалімен марапатталған.
9 мамыр 1995 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңісіне 50 жыл» мерекелік медалі табыс етілген.
22 ақпан 1997 жылы «Кеңес Одағының Маршалы Г.К.Жуков» медалімен марапатталған.
8 қазан 1999 жылы «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 55 жылдығы құрметіне «1941-1945 ж.ж. соғыс ардагері» белгісі тапсырылған.
Сармырза Әбеков 2004 жылдың күзінде қайтыс болған.

 

Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының Аягөз филиалы, 342қ., 7т., 16і.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу