Беттерді парақтай отырып...

Поэзия

Есдәулетов Ұлықбек

Есдәулетов Ұлықбек

Есдәулетов Ұлықбек (1954 г.) – жазушы, ақын, аудармашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі

   

ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ МҮГЕДЕКТЕРІНІҢ  ГОСПИТАЛІНДЕ

«Бейбіт күннің шарапатын
Көргеннен сон әрен деп,
Соңғы соғыс жаракатын
Жүргенде жұрт әлі емдеп,
Баска соғыс бастамакка
Біреулер бар ынтык тым.
Жерді жерлеп тастамак па
Үңғысына мылтыктың?»
Ардагерлер алдарында
Түрмын міне жыр окып.
Жалғыз балақ — Шалбарында,
Шалды көріп дір етіп.
Жағалаудың жартасындай
Жүзіндегі кажыры,
Бас Штабтың картасындай
Шым-шытырык әжімі.
Толкынындай Атыраудың
Көбік шашкан шашы бар.
Жанарында жатыр-ау мұң,
Калай оны жасырар?
Басын сүйеп балдағына,
Кемтар отыр тұшынып.
Сап-сау аяк-колдарыма
Қарай бердім кысылып...
Жастык шағы кайта оралмас,
Денсаулыктан калды не?
Ешкім де оны кайтара алмас,
Болсын, тіпті, әулие.
Жалғыз балақ — Шалбарында,
Шалды көріп дір етіп,
Ардагерлер алдарында
Тұрмын тағы жыр окып.
Адамзаттың айыкпаған
Ауруларын көргесін,
Акын болмау айып маған,
Жыр — емші ғой,
Емдесін!