Поэзия
Тұрғазы Нұқайұлы ШҚО мемлекеттік мұрағаты, 1330қ., 1т.5, 7і |
|
ІЗҒҰТТЫ АЙТЫҚОВ КЕМЕСІ
Тау толқынын аспанға атып, долданып,
Жатыр мұхит тебіреніп, толғанып.
Алып кеме сол айдынды қақ жарып,
Келе жатыр бағытымен жолда нық.
Тынық мұхит. Емес-ау ол тынық та,
Тым ащулы, қатерлі де, суық та.
Тарт ілгері Ізғұтты аға – Ақ кемем,
Ерлігіңмен жүректерді жылыт та.
Мұхиттар мен теңіздерді тіліп өт,
Көңілдерге дархан өмір гүлін ек.
Жүректерден ең қадірлі ал отын,
Шын ерліктің саңқылдаған үні боп.
Ғажап жанның көрмегеннін көріп өт,
Өмірлерге бақыт нұрын төгіп өт.
Жан ағамның жүзеге асқан ойы бол,
Ақ арманын сапарыңа серік ет.
Ізғұттымен тілегің бір, намыс бір,
Алдыңда әлі ізгі міндет, нар іс тұр.
Асқар таудай әр тұлғаны енді сен
Алыс, жақын елдермен де таныстыр.
Бейбіт өмір айлағынан жол ала,
Мұхиттан өт, сан елдерді арала.
Бостандық боп жет әлемнің халқына,
Жет өзі боп Ізғұттыдай жан аға!
Отанымның шежірелі даңқы көп,
Батыр аға шын ерліктің мөрті тек.
Жет әлемге ерлік, теңдік елінін
Жан сүйсінтер салтанатты салты бол.
Сапарыңа серік болып мерейің,
Өмір-айдын шалқарынан көрейін.
Батыр кемем, Батыр аға ерлігін
Ұрпақтарға жеткізесің, сенейін.
Жолаушысың. Бұл сапарың ойын ба!
Қиындықты ал, бағытыңнан тайынба.
Палубаңда ел өмірі шалқысын.
Палубаңда шыңда, ерлікті дайында.
Сөз бе мұхит! Жарып өтіп келесің
Қанатыңда жазулы тұр ер есім.
Ұлы Еліңнің мәртебелі атағын
Алғы күнге апарар да кемесін.
Соғыс-елес желігінен, көрдің де,
Арылған жоқ мұхит мүлде, жер мүлде
Еркіндікті арман еткен елдерге,
Ұшқыр кемем, қол ұшын сен бердің де.
Достық, теңдік-бір ағайын, бір қауым,
Әділдіктің өр дабылын ұр, жаным.
Көрдің-ау сен ракеталар самсаған
Нысанасы қайда қарап тұрғанын.
Қарай берсін. Оларды сен елеме,
Жағаңа жет. Жет көздеген мереңе.
Бостандықты ерлік тартып алмаса,
Алпауыттар өз қолынан бере ме?!...
Ұлы мұхит – мәңгі мекен, тұрағың.
Жарқырат сен ерлік даңқ шырағын.
Танытып ет екі талай сын болса
Мың перзентің мың кеме боп шығарып.
Ұлы елімнің қайталанбас нұрынан
Жігер алған Ізғұттым бір ұлан.
Асыл кемем, сол ерім боп орын ал,
Өз халқыңның жүрегінен, жырынан.
БӘЙТЕРЕГІ ЕЛІМНІҢ
(ҚАСЫМ ҚАЙСЕНОВҚА)
Үнінде бар хас батырдың әуені,
Тілінде бар сөз мәйегі әлемі.
Өмірі - ерлік шежіресі таусылмас,
Көңлі – шалқар кіл тұнықтық әлемі.
Өзі Алтайдай биік, асқақ мерейлі
Туған елдің бәйтерегі мәуелі.
Жел өтінде тамыр жайған бой түзеп,
Тұла бойы толы ізгілік, бай ізет.
Отты жылдар алаулаған жастығы,
Жел өтінде заңғарлана ой түзеп.
Жел өтінде өмірі өтіп келеді.
Дегенді ақтап: «Заманына сай біз ек».
Заманының бар қуаныш, бар мұңы
Тебірентпей өтер қалай арлыны.
Отты жылдар өмірінің елесі
Сиқырлы күй, зерделі ой сандығы.
Сырлы, нұрлы сол бір жылдар жанында
Өр қайсарлық куәсіндей қалды үні.
Алаулаған алдан жеңіс таңдары
Жатыр онда ер партизан жолдары.
Онда заман рухы бар айбынды,
Жатыр онда қахармандық самғауы.
Отты жылдар етігімен су кешкен
Қасекеңнен қазағымның заңғары.
Өшпес ерлік шежіресін зерлеген
Ойлы, нәрлі сөз зергері-ау ол деген.
Тыншытпайды жайсаң жанын, жүрегін
Дос арманы бұл бақытты көрмеген.
Аға арманы жайнар, шалқыр өмірде.
Болашақта бұл егемен елменен.
Жігер отын қайсарлықпен жаныған
Табыл, аға, ел бақыты бағынан.
Қаламгер де Батыр ұлын – перзентін
Туған жұртың баяғыда-ақ таныған.
Сен халқыңның қасиетті мерейі,
Халқың оны ажыратпас жанынан