Өскемен қаласында «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» ашылды

Бұл шығысқазақстандық аға буын үшін нағыз сыйлық болды. Орталықтың орналасқан жері ретінде «Гостиный двор», 2 қабатта кешені таңдалды.

Орталықта әртүрлі бағыттағы іс-шаралар ұйымдастырылады. Бір ерекшелігі әдеттегі сурет салу, музыка және емдік дене шынықтырудан (ЛФК) бөлек, мұнда бильярд пен теннис ойнауға, зумба және йога сияқты жаңа бағыттармен танысуға мүмкіндік беріледі. Көптеген зейнеткерлер осы жаңа сабақтарға жазылып үлгерді, өйткені олар зейнет жасын өмірдің жаңа кезеңі, жаңалыққа ұмтылудың тамаша уақыты деп санайды.

Орталықта зейнеткерлер заңгерлік және психологиялық кеңестер алып, ІТ және смарт-сауаттылықты үйрене алады. Ең бастысы олар әлеуметтік ортаға белсене араласып, мәдени, іскерлік, шығармашылық жане спорттық өмірдің ортасында болмақ. Бұл шығысқазақстандықтардың менталды және физикалық денсаулығын сақтауға септігін тигізетін игі іс. Осындай 5 орталық бірнеше ауданда жұмыс істеп тұр, оларға шамамен 4 мың зейнеткер тұрақты түрде барады. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарының» сұранысқа ие болуы олардың тиімділігін, әрі қажет екендігін көрсетеді.