«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы 35 жылдығына арналған, «Шығыс Қазақстан облысының үздік бастауыш ардагер ұйымы» байқау-конкурсы туралы ереже

«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы байқау-конкурсты ұйымдастырушы  болып табылады. 

1. Байқау-конкурстың мақсаты:  ардагерлер ұйымдарының  қаланың/ауданның қоғамдық-саяси өміріндегі рөлін арттыру, жастарға патриоттық тәрбие беру. Бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмысын жетілдіру.

2. Конкурсқа қатысушылар

Шығыс Қазақстан облысының бастауыш ардагерлер ұйымдары    байқау-конкурсқа  қатысушылар болып табылады. 

 3. Байқау-конкурсты өткізудің мерзімдері мен тәртібі

3.1. Конкурс 2022 жылғы жұмыстың қорытындылары бойынша өткізіледі.

3.2. Байқау-конкурсты ұйымдастыру және өткізу екі кезеңнен тұрады.

I кезең – конкурс қалалық және аудандық деңгейде өткізіледі.

I кезеңнің жеңімпазы жайындағы материалдар 10 қарашаға дейін облыстық ардагерлер кеңесіне жолданады.

II кезең – конкурстық комиссияның материалдарды қарауы қорытындыларын шығаруы – облыстық ардагерлер кеңесі деңгейінде өткізіледі.

Облыстық конкурстық комиссия 2022 жылғы 30 қарашаға дейін қалалық және аудандық ардагерлер кеңестері ұсынған конкурстық материалдарды қарайды, облыстың үздік бастауыш ардагерлер ұйымдарын іріктеп, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.   

4. Байқау-конкурстың шарттары:

 4.1. Бастауыш ардагерлер ұйымының ұйымдастырушылық жұмысы: ардагерлердің әлеуметтік карточкаларының болуы; ардагерлердің қоғамдық жұмысқа қатысуы; Ардагерлер үйлері мен бөлмелерінің болуы; ескерткіштерді және госпиталдарда алған жарақаттарынан қайтыс болған Ұлы Отан соғысы жауынгерлері  жерленген орындарды күтіп баптау.

4.2. Оқушылар мен жастар арасында жұмыс ұйымдастыру, тұрғындар арасында ел өміріндегі өзекті мәселелер, бала тәрбиесі және т.б. бойынша әңгімелер өткізуі.

4.3. Бастауыш ардагерлер ұйымының ардагерлердің әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын шешуге қатысуы:  Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, әскери іс-қимылдар  мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне жан-жақты қолдау көрсетуі; жалғыз басты  ардагерлерді есепке алуы және көмек көрсетуі; мереке және мерейтой даталары күндері ардагерлерге құрмет көрсету; мерзімді баспасөзге жазылу,  ардагерлерден түскен өтініштер саны және оларды қараудың нәтижелері.

4.4. Бастауыш ардагерлер ұйымының мемлекеттік органдармен, ұйымдар және кәсіпорындар басшыларымен, қоғамдық ұйымдар және жастар бірлестіктерімен, БАҚ-пен өзара іс-қимылы.    

4.5 Дәнекер жобасына қатысуы: сертификат алған және қоғамдық бастамадағы медиаторлар саны; олардың қатысуымен реттелген мәселелер саны (нақты мысалдар келтіру).

4.6. Мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруы: қызығушылықтар бойынша клубтар, секциялар, үйірмелердің болуы, оларға ардагерлердің қатысуы (іс-шаралардың атауларын және оларға қатысушылар санын көрсету).

4.7. Бастауыш ардагерлер ұйымының жұмысында  заманауи, стандартты емес әдістердің  болуы.

4.8. Бастауыш ардагерлер ұйымы  өткізетін іс-шаралардың жастарға адамгершілік және патриоттық тәрбие беруге әсері.

5. Конкурстық материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптар:

а) Конкурстық материалдар қағаз және электрондық тасымалдағыштарда қабылданады.

б) Конкурстық материалдар   ұйымның атауы, бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасының Т.А.Ә., байланыс телефондары көрсетілген титулдық парағы болатын папкада ұсынылады; папкада қамтылғандардың тізімдемесі беріледі.

в) Конкурсқа ұсынылған фотоматериалдар мынадай ақпараттармен бірге берілуі тиіс: оқиғаның атауы, өткізілген уақыты, сюжетке қатысушылар туралы мәлімет. Фотоматериалдарды бағалау кезінде олардың сапасы және бірегейлігі, тақырыпты ашудағы  шығармашылық әдіс ескеріледі.  

г) Конкурсқа ұсынылған  жұмыс бағыттары бойынша  атқарылған іс-шаралардың фрагменттері таныстырылатын бейнероликтер  тезистік мәтіндік материалдарды қамтуы және нағыз айшықты оқиғалар жайында болуы тиіс. Оны бағалау кезінде сюжеттің жинақылығы және ақпараттылығы, орындалуының тұтастығы мен сапасы, міндетті түрде титрлардың болуы (бейнероликті дайындауға кімдер қатысты), роликтің дыбысталуы (дыбыстық және музыкалық сүйемелдеу) ескеріледі. Бейнероликтің ұзақтығы 3-тен 5 минутқа дейін.  

6.Байқау-конкурстың қорытындыларын шығару және жеңімпаздарды марапаттау.

6.1. Конкурстық комиссия байқау-конкурстың қорытындыларын шығаруды 2022 жылғы қарашаның 20-сынан 30-ына дейінгі аралықта өткізеді. 

6.2. 1,2,3 орындарды иеленген конкурс жеңімпаздары Дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. 

«Шығыс Қазақстан облысының үздік бастауыш ардагер ұйымы» байқау-конкурсының конкурстық комиссиясының құрамы 

Шерубаев Айтқазы Сейітұлы

комиссия төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Воробьева Раиса Петровна

комиссия төрағасының орынбасары, облыстық ардагерлер кеңесінің қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетекшісі

Комиссия мүшелері:

 

Жұмағұлова Мария Жұмағұлқызы

ШҚ гуманитарлық колледжінің ардагерлер кеңесінің төрағасы

Каланчина Ирина Борисовна

облыстық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы

Назарова Светлана Нафиковна

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары

Трушлякова Надежда Егоровна

облыстық ардагерлер кеңесінің тұрақты комиссиясының төрағасы

Халықов Талғат Әкемейұлы

облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі