Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің естеліктері
Байдельдинов Алдажар
Байдельдинов Алдажар –1925 жылы 25 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Қалыбай ауылы Ұлан ауданында туған. Ертеден ата-анасыз қалған балалық шағын қиындықпен өткізген. Аш-жалаңаштылықты көрген, қарнымыз ашып бір жапырақ нанға зар болғанбыз деп есіне алады әкеміз.
Жақын-жанашыр, туыс болмай, ауылда жүріпті, оны естіген Шарипжамал анасының сіңілісі Камяль деген нағашы апасы алып кетіпті. Бірақ ол кісі де ерте қайтыс болған. Тағы жалғыз қалып өстік деп көзіне жас алады әкеміз. Мүмкін содан соң ерте есейіп, ауыр жұмыстан қорықпай, еңбек етті.
1939 жылдан бастап Жолғұтты колхозында жұмыс істеді. 1942 жылдан бастап Қанай, Ала-Айғыр деген шахталарында кенші, бурғышы, жарғыш, запальщик болып жұмыс атқарды.
1942 ж. қазан айында Ұлан ауданының военкоматымен соғысқа шақырылды. Бірақ денсаулығы бойынша жарамайсың дегенге қарамай, өзі арыз жазып соғысқа суранып аттанды. Соғыста Украина, Белоруский майдандарында болды. Жеңіс күнін Чехословакияның Прага қаласында қарсы алды. Қаулаған соғыста басынан жарақат алған, контузиядан ес-түссіз госпитальға жіберіліп емделген. Емделгеннен соң ары қарай соғысқа аттанды.
«Орден Отечественной войны», «Медаль за Победу над Германией», «За отвагу», «За Освобождение Праги», «Медаль Жукова», «За боевые заслуги» және тағы басқа ордендермен, медальдермен марапатталған.
Соғыста атқыш взводының командирі, минометші болды. Соғыстан соң аға лейтенанты атағы берілді. 1946 жылы үйге оралды.
1947-1964 жылдарда Айыртау, Мыңшункыр, Егінсу, Қанай сельсоветінде Төраға болып еңбек етті (қазір Әкім деп аталады). Жас болсамда осы жұмыстарды маған ұсынды. Мен бұл жұмысты атқаралмасам қалай деген де, маған аудан басқармасы: «Сен атқараласың, саған сенеміз», - деп сенім білдірді.
1964-1970 ж.ж. Ұлан, Обухов совхоздарында агроном болып жұмыс істеді.
1970-1973 ж.ж. Обухов совхозында басқарушы болып еңбек атқарды. 1973-1986 ж.ж. кәсіподақ комитетінің төрағасы болып еңбек етті. 1986 жылы зейнеткерлікке шықты. Одан да ары еңбек етіп, 1994 жылға дейін жастарды үйретті. Жоғарғы Президиум Кеңесінің грамотасымен, «За освоение целинных и залежных земель», «Победитель социалистических соревнования», «Ветеран труда» медальдармен және басқа да сыйлықтармен марапатталған.
Әкеміз Ұлан ауданына көп еңбегі сіңген, адал, сыйлы, еңбекқор азамат. Жалғыз Ұлан ауданында ғана емес Шығыс Қазақстан облысына белгілі адам. Бәрі әкемізді құрметтеп, сыйлайды. Әкеміз соғыс ардагері. Анамыз екеуі 7 бала тәрбиелеп, 15 немере, 15 шөбере сүйіп отыр. Қазір зейнеткер, демалыста. Өскемен қаласында турады. Біз ата-анамызды мақтан етеміз! Әлемдегі бар жақсылық, дендеріне саулық. Алланың берген жасын жасасын дейміз.
Қызы Байдельдинова Турсын Алдажарқызының
еске алу сөзінен жазылған.
04 мамыр 2016 ж.