Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының батырлары Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған.
Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды.

Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:

Соломатин Александр Иванович
(1922 - 1945)

1922 жылы Семей қаласында дүниеге келген.
Майданда 1942 жылдан бастап болған. 17-ші гвардиялық механикаландырылған Қызылтулы Суворов орденді бригаданың құрамында соғысты. Одер өзеніне Кебен қаласының (Польша) тұсында өту кезінде көзге түсті. Рота шепті басып алып, оны негізгі күштер келіп жеткенше ұстап тұрды, 8 контратакаға тойтарыс берді.
Ленин, І дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 10-сәуірдегі Жарлығымен А.И.Соломатинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.


«Кеңес Одағының Батырлары – қазақстандықтар» кітабынан, 2-том, Алматы: «Қазақстан» баспасы, 1968 ж.

Ардагерлер тізіміне қайтып оралу