Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
1926 жылы Саратов губерниясының Новое Ершово кентіндедүниегекелген.
Майданда 1944 жылдың мамыр айынан бастап 18-ші Млинск Қызылтулы ІІ дәрежелі Суворов орденді атқыштар дивизиясы 419-шы атқыштар полкінің құрамында болған. Карел майданындағы шайқастарға қатысты. Свирь өзенінен өту кезінде, дұшпанның аса маңызды коммуникациясы – Олонец-Петрозаводск тас жалын алу кезінде шайқаста ерекше көзге түсті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы алу кезіндегі шайқаста ерекше көзге түсті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 21-маусымдағы Жарлығымен В.Р.Спиринге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1960 жылдың желтоқсан айында Шығыс Қазақстан облысы Үлкеннарын ауданының Яры ауылына көшіп келген.
Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты, 753қ., 1т., 65і.; 809қ., 1т., 194і.