Кеңес Одағының батырлары
Кеңес Одағының Батыры – жоғары дәрежелі атақ болып табылады, ол ерен ерлік жасап, мемлекет алдында жеке немесе ұжымдық еңбек сіңіргендерге берілген. КСРО Орталық Атқару Комитеті 1934 жылғы 16 сәуірдегі Қаулысымен енгізілген. Кеңес Одағының Батыры туралы Ережені КСРО Орталық Атқару Комитеті 1936 жылдың шілде айында бекіткен. Кеңес Одағының Батыры КСРО ордендерінің қатарында ең жоғары сатыда тұратын Ленин ордені, айырықшылықтың ерекше белгісі – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1939 жылғы тамыз айындағы Жарлығымен бекітілген «Алтын Жұлдыз» медалі мен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасы тапсырылған. Әр түрлі ұлттар Батырлар бір қатарында тұр. Ұлы Отан соғыс жылдар бойы Кеңес Одағының батыры атағына 60-тан астам ұлт және халық өкілдері ие болды. |
Шығыс Қазақстаннан 109 жауынгерлер мен офицерлер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды:
Косенков Иван Васильевич
(1923 - 2015)
1923 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Бородулиха ауданының Богословка ауылында дүниеге келген.
Майданда 1943 жылдың желтоқсан айынан бастап болған. 1118–ші атқыштар полкінің зеңбірек нысанашысы, сержант Косенков 1943 жылы қыркүйек айында Днепропетровск облысының Войсковое аулылы тұсында Днепр өзенінен өту кезінде ерекше көзге түсті.
Ленин, І дәрежелі отан соғысы ордендерімен марапатталған.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 22 – ақпандағы Жарлығымен И.В. Косеновқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Семей өлкетану мұражай қоры